Лента новостей
0

Тараздық студенттер құлпынайды қартаюға қарсы қолданбақ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 31.03.2017 20:57 Zakon.kz
Ғылыми жаңалық оқу орнының зертханасында тәжірибеден өтіп жатыр.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері құлпынайды қартаюға қарсы қолданып, косметология саласына жаңалық енгізуді көздеп отыр, деп хабарлайды zakon.kz оқу орнының Ақпараттық-имидждік қызметі таратқа ақпаратқа сілтеме жасап.

– Құлпынайдың құрамында салицил қышқылы бар. Бұл антисептикалық және қабынуға қарсы қасиеттерге ие. Осыған орай бағзы замандарда жемістің бұл түрін әйелдер бет күтіміне пайдаланған. Құлпынайдың қайнатпасынан жасалған маска арқылы беттегі безеуді, секпіл мен дақтарды кетіруге болады. Сондай-ақ, ол әжімді тегістеп, теріге балғындық береді, – деп атап өтті ғылыми жаңалық авторлары.

Сонымен қатар, студенттер грек жаңғағының адам денсаулығын жақсарту үшін таптырмас өнім екендігін дәлелдеп отыр. Айтуларынша, аталған жемістің жапырағы адам ағзасының қабынуына, микробты жою және жарақатты емдеу қасиетіне ие. Ал, дәні қан қысымын төмендетуге септігін тигізсе, қабығы мен тамырын іш өткізгіш дәрі ретінде қолдануға болады.

– Грек жаңғағының ядросы калориялық құрамы жағынан барлық жемістен асып түседі. Адам ағзасының қызметін қалыпта ұстап отыру үшін күнделікті рационға жаңғақтың осы түрін енгізіп отырған жөн. Өйткені, оның құрамында пайдалы минералды элементтер көптеп кездеседі. Біздер жаңғақты емдік мақсатта пайдаланудың бірнеше әдіс-тәсілдерін зерттеп-зерделеп, ойлап таптық, – дейді жоба жетекшісі, ТарМПИ-дың доценті А. Тайчибеков.

Ғылыми жаңалық оқу орнының зертханасында тәжірибеден өтіп жатыр.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: