«Семей-Қайнар» тас жолын су шайып кетті
Zakon.kz
Төтенше жағдайлар басқармасындағылар бұл жағдай туралы сұхбат беруден бас тартты.
«Семей-Қайнар» тас жолының кейбір бөлігін су шайып кетті. Бірнеше қауіпті телім бар. Қалпына келтіру жүріп жатқан жоқ, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Төтенше жағдайлар басқармасындағылар бұл жағдай туралы сұхбат беруден бас тартты. Ал шындығында бұл жол 31 наурыз күні кешкі сағат 18:00-ден бастап жабылып, барлық жүргізушіге Қарауыл ауылы арқылы айналып өтуге кеңес берілген. Алайда біздің түсіру тобымыз тиым салынған жолмен жүйткіп жатқан көліктерге куә болды. Мұқыр өзенінің үстімен өтетін уақытша өткел де су астында қалған. Енді көлік иелері бастарын қатерге тігіп, апатты көпірмен өтуге мәжбүр. Төтенше жағдайдан ауыл тұрғындары ғана емес, осы маңда орналасқан кен өндіру кәсіпорнының жұмысшылары да зардап шегуде.
Ербол Батыбаев, жолаушы:
- Біз алдыңғы күні жұмысқа түсуіміз керек болатын. 2 күн болды жете алмадық. Міне, үшінші күні келіп тұрмыз. Қазір біздің ауысым жұмысы басталып кетті, жұмысқа бүгін үлгермейміз. Шахтасы бар, жердің беті бар, мың шақты адам жұмыс істейміз. Ал енді бізден бөлек мына жерде қаншама ауылдар бар, келіп-кететін. «Семей-Қайнар-Саржал» бағытындағы үлкен тас жол. Бұл жерде қанша елді мекендер бар, қанша халық тұрады. Ол кісілердің де жол жүруі, қарым-қатынасы қиын.
Фото: 24.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript