Лента новостей
0

Алматы облысында жүздеген шаруа қожалық иелері биыл қып-қызыл шығынға батқалы отыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.04.2017 16:23 Zakon.kz
Ашынған халық бірнеше шақырым арнаны бүгін-ертең тазарту мүмкін емес, сондықтан суды жіберсе, ауылды басып кете ме деп тағы қорқады.
Алматы облысында жүздеген шаруа қожалық иелері биыл қып-қызыл шығынға батқалы отыр. Ұйғыр ауданындағы Шарын, Тасқарасу ауылдарының диқандары бұған дейін тегін алып отырған өзен суының әр текше метрін сатып алуға мәжбүрлеп жатыр дейді. Оған келіспегендерге су жоқ, деп жазады 31 телеарна.

Бұл қолдарына кетпен алып, егінмен күнелтіп отырған Шарын мен Тасқарасу ауылының диқандары. Барлығы 600-ден астам шаруа қожалығы суға зар боп отыр. Екі жыл бұрын Шарын өзенінен тартылған Тохтахун Құрбановтың иелігіндегі 4 магистральды су арнасын әкімшілік өкілдері қысыммен қайтарып алды дейді олар. Әрі суғару жүйесін толық жөндеуден өткізіп барып қана баға тарифін орнатамыз деп уәде берген. Алайда ештеңе істелмей жатып, судың текше метрін 52 тиын деп бекітіп тастаған.

МАҚСАТ ЖАНАДІЛОВ, Шаруа қожалығының төрағасы:
- Суды өлшеп беретін құрылғы да жоқ судың басында тұратын, гидропост та жоқ, техника да жоқ. Қалай олар есептеп, биылдан бастап бізге береді? Оны ешкім де білмейді.

ҚУАТАЙ ИМАНӘЛИЕВ, Тасқарасу ауылының тұрғыны:
- Су - құдайдың берген суы. Ол келіп жатыр айдаладан. Ал енді водхоз бір тиын затрат шығармай біз неге водхозды байытуымыз керек? Миллиондап соларға ақша беруіміз керек. Дұрыс па?

МАНАС ҚАЙЫРТАЙ, Тілші:
- Егін салатын уақыттың басталғанына 15 күн өтсе де, мына су арналары әлі күнге дейін тазартылмаған. Оған міндетті "Қазсушар" мемлекеттік мекемесі қозғалар емес. Келеді деген техникасы, орнатылады деген құрылғысы жоқ. Ал шаруалар мыңдаған гектар жерді судың жоқтығынан игере алмай отыр.

МИРШАТ КЕБИЗОВ, Шаруа қожалығының төрағасы:
- Осы уақытта жерлерге жоңышқа, бәрін егіп, су жіберетін едік. Арықтар полностью тазаланып болатын еді. Қазір бір арық тазаланған жоқ. Су келгемеген. Ауылдың бәрі кешігіп бара жатыр.

Ал суғару жүйелерін жөндеу жұмыстары тек келер жылдары жүргізіледі екен. Әлі қағаз күйінде. Аудандағы 23 мың гектар егістік жердің жартысына жуығы осы ауылдарға қарасты. Айтуларынша, егінге суды сатып алса, пайдасынан шығыны көп болмақ. Ал жергілікті билік суды әлі жібермей отыр.

ҚҰРАЛБЕК БЕКМҰХАНБЕТОВ, Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары:
- Келген техникасы мен олар қазір судың қай жерлерінде ақауы бар, соның бәрін тазалап береді. Біз кеше халыққа айттық. Полядағы каналдарды пока өзіміз тазалап, судың алмасақ болмайды. Суды барынша жібереміз.

Ашынған халық бірнеше шақырым арнаны бүгін-ертең тазарту мүмкін емес, сондықтан суды жіберсе, ауылды басып кете ме деп тағы қорқады. "Қазсушарға"сенсек, астықсыз қаламыз деген көпшілік суды халыққа қайтарсын деп талап қойып отыр.

Манас Қайыртай, Думан Сүлейменов

Фото: Abctv.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: