ОҚО-да созақтық кәсіпкер түйе сүтінен йогурт дайындауды қолға алды
Фото: zakon.kz
Созақ ауданында бүгінгі таңда 10 мыңға жуық түйе бар.
Созақ ауданының кәсіпкерлері түйе сүтін өңдеп, дамытудың жаңа жолын табуда. Аудан орталығы - Шолаққорған ауылындағы «Аруана» ауыл шаруашылығы өндірістік коорперативі осынау кәсіп түрімен айналысып жүрген бірден-бір кәсіпорын. Кооператив түйе сүтінен бөлек, сиыр сүтін де қабылдайды. Бүгінде төрт түрлі ағарған - шұбат, сиыр сүті, айран, қаймақ әзірлеп, жергілікті дүкендерге жөнелтіп жүрген серіктестік таяуда сүттен йогурт пен кілегей әзірлеп, саудалауды қолға алмақшы. Бұл туралы күнгейдегі БАҚ өкілдерінің Созақ ауданына жасаған пресс-туры барысында белгілі болды. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Алғашқы кезде 500 литрге лайықталған жұмыс істедік. Қазіргі шұбат өңдеу мүмкіндігі тәулігіне 1 тоннаға дейін жетіп отыр. Осылайша, ісімізді жолға қойып келеміз. Таяуда, аудандағы уран өндіру кәсіпорындарымен ондағы әрбір жұмысшы басына 0,5 литрден шұбат жеткізіп отыруға келісімге келдік», - дейді «Аруана» өндірістік коорперативінің төрағасы Жанболат Әдишов.
Жалпы, түйе сүтін өңдеу цехы орналасатын ғимаратты дайындап, жөндеу жұмыстары мен сүтті өңдейтін құрылғыны алу үшін кооператив жетекшілігі «ЫРЫС» МҚҰ» ЖШС-нен 12 млн. теңге несие алған. Бүгінде жұмысын жандандырып жатқан ұжымшар алдағы уақытта түйе сүтін өңдеу үлесін арттыру арқылы күніне оның тәуліктік қуатылығын 5 тоннаға дейін жеткізіп, істі әрмен қарай дөңгелетуді жоспарлап қойған.
Айта кету керек, Созақ ауданында бүгінгі таңда 10 мыңға жуық түйе бар.
Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript