Шетелде лаңкестік топтардың қатарында соғысуды жоспарлаған 90 қазақстандық ұсталды
Zakon.kz
2016 жылы Қазақстанда еліміздің арнайы орган қызметкерлері 12 лаңкестік акцияның жолын кесті.
Тиімді жүргізілген шаралардың арқасында Қазақстанда салафиттік жамағаттың 70 жетекшісі мен белсендісі қазақстандық қоғамның құндылықтарына оң көзқарас танытып, қоғам өміріне қайта оралды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан соң тілшілерге берген сұхбатында Ұлттық қауіпсіздің комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2016 жылы дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде еріп кеткендердің 32,1 процентіне қатысты алдын алу жұмыстары жүргізілді. Терроризмге және экстремизмге қарсы күрес мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында 90,7 проценті қамтылды. Мақсатты жұмыстардың арқасында Қазақстанда салафиттік жамағаттың 70 жетекшісі мен белсендісі қазақстандық қоғамның құндылықтарына оң көзқарас танытып, қоғам өміріне қайта оралды», - дейді Нұрғали Білісбеков.
Сонымен қатар, оның мәліметтері бойынша, 2016 жылы Қазақстанда еліміздің арнайы орган қызметкерлері 12 лаңкестік акцияның жолын кесті. Жалпы терроризм мен діни-экстремистік қылмыстар үшін 123 радикал сотталды.
«Шетелде лаңкестік топтардың қатарында соғысуды жоспарлаған 91 қазақстандық ұсталды. Қазақстанға 81 студент елге қайтарылды. 177 адамға шетелдік теологиялық оқу орындарында оқу үшін елден кетуге тыйым салынды», - деп мәлім етті ҰҚК басшысының орынбасары.
Фото: www.inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript