Лента новостей
0

Қазақстандық әншілер фонограммаға тыйым салатын заңға қарсы шықты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.04.2017 22:59 Zakon.kz
Жаңа заң жобасы Түрікменстан елінің заңын негізге ала отырып жасалмақ.
Қазақстандық әншілер фонограммаға тыйым салатын заңға қарсы шығуда. Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жуырда Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Қазақстанда концерттерде фонограмманы қолдануға тыйым салуды ұсынды.

Жаңа заң жобасы Түрікменстан елінің заңын негізге ала отырып жасалмақ. Көршілес бұл мемлекетте концертпен қатар тойда да фонограммамен ән салу тыйым салынған.

Ал қазақстандық депутаттар ақша төлеп концертке келген халықты алдауға қарсы. Себебі тыңдарман әншінің даусын есту үшін келеді, ал дайын жазбаны дүкеннен де сатып алуға болады.

Бұл ретте отандық әртістер заңға өзгеріс енгізу туралы ұсынысқа қарсы шығып жатыр.

«Барлық әншілер жанды дауыста дәл жазбадағыдай етіп айта алмайды. Ондай әншілер саусақпен санарлық.

Ал өзіме келсем, мәжбүрлі түрде фонограммамен ән айтатын кездерім болады. Мысалы, жанды дауыста ән салуға микрофон немесе колонкалар мүмкіндік бермеген кезде», – деп пікір білдірді әнші Кентал.

Оның пікірін әріптесі Ален Самыкенов те қоштады.

«Нашар музыкалық құрылғы тұрған жерде жанды дауыста ән салу мүмкін емес, осыны ескеру керек. Яғни, ол өзіңе кемшілік болады», – деп түсіндірді ол.

Фото: Artvocal.ru
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: