Лента новостей
0

Сырдариядан қауіп жоқ, диқанға су жеткілікті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.04.2017 23:48 Zakon.kz
Төмен қарай 1000 текше метр су түсіп жатыр.
Сырдариядағы сең толықтай теңізге жетті, бүгінде дария бойында ешқандай қауіп жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА Арал-Сырдария бассейндік инспекциясына сілтеме жасап хабарлады.

Бүгінгі таңда «Тоқтағұл» су қоймасында 12 миллиард 770 миллион текше метр су тұр. Одан төмен қарай секундына 362 текше метр су босатылса, «Қайраққұм» су қоймасынан оған секундына 820 текше метр су қосылады. Шардараға келіп жатқан су мөлшері секундына 1200 текше метрді құрайды.

Төмен қарай 1000 текше метр су түсіп жатыр. «Көксарай» су реттегіші қазіргі күні 2 миллиард 800 миллион текше метр суды ұстап тұр. Әлі де 200 миллион текше метр су қабылдауға қауқарлы. Арыс өзенінен секундына 219 текше метр су кеп Сырдарияға құйылуда. Қызылорда су торабынан бұл күндері секундына 521 текше метр су өтіп жатыр.

Ұлы теңізге оның 380 текше метрі жетуде. Наурыз айының соңында дариядағы мұз толықтай теңізге жетті. Сырдарияда бүгінде қауіп жоқ. Сондай-ақ, диқандар қауымы үшін жағымды жаңалық - биылғы егінге су мөлшері жеткілікті болатын түрі бар.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: