Лента новостей
0

Еліміздегі кен орындарынан күніне 100 келі алтын ұрланады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.04.2017 16:21 Zakon.kz
Алтынды заңсыз жолмен өндіру бойынша, тек Степногор өңірінде 2014-2015 жылдары 9 млрд теңгенің өнімі алынбай қалды.
Соңғы 5 жылда 19 мың адам алтын ұрлап ұсталған. Ұрланған алтынды өңдейтін 75 цех әшкерленіп, осы уақыт ішінде 500 тонна шикізат тәркіленген, деп жазады Хабар телеарнасы.

Байып кетем деп, майып болып жатқандар да бар. Кеніштерге заңсыз кіру адам өміріне қауіпті болса да, мұндай оқиғалар азаяр емес. 2015 жылы 6 адам қаза тапқан. Бүгін мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова Үкімет басшысына сауал жолдап, заңсыз кәсіпке тұсау салуды сұрады.

Меруерт Қазбекова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Алтынды заңсыз жолмен өндіру бойынша, тек Степногор өңірінде 2014-2015 жылдары 9 млрд теңгенің өнімі алынбай қалды. Ал бюджетке 2 млрд теңгенің салығы түспеген. Өз өмірін қатерге тігіп, жер астына кіріп жатқандардың бәрі аман шығып жатқан жоқ. Осы айтылғандарды негізге ала отырып, «Ақ жол» фракциясының депутаттары Үкіметтен құнды металдардың айналымын реттеуді, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтудың баламалы жолдарын ұсынуды сұрайды.

Фото: www.khabar.kz
zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: