Қарағанды облысында екі жасар қызды өлтіру ісі бойынша сот басталды
Zakon.kz
Қарағанды облысында екі жасар Эвелинаны өлтіру туралы іс бойынша сот процесі басталды.
Қарағанды облысында үсіп қалған екі жасар қыздың дегесін өртеу туралы іс бойынша жан түршіктірерлік мəн-жайлар сотта анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотта екі жасар Эвелина Драганды өлтіру бойынша аты шулы сот процесі басталды. Қатыгездік қылмыс жасады деген айып Қарағанды қаласының 38 жасар тұрғыны Владимир Зеленыйға тағылып отыр.
Қылмыстық іс материалдары бойынша, Владимир Зеленый мен оның көңілдесі Ильяна Драган өткен жылғы қыста Үштөбе аулынан бір шақырымдай қашықтықта далада келе жатқан. Өздерімен бірге екі кішкентай баласы болған: біреуі бір жасар ортақ баласы Данил мен əйелдің алдыңғы некесінен туған екі жасар қызы Эвелина. Күн қарайып келе жатқан, қатты аяз бен екпінді жел тұрып тұрған. Владимир зеленый мас еді. Сотталушының сөзіне қарағанда мұндай жағдайда қардың үстінде жүру тым ауыр болған. Ол қызды және бірнеше сөмке көтеріп келе жатқан. Ал ұлы анасының қолында болған. Ол жол жөнекей құлап, қызды қолынан түсіріп алып жүрген. Ер кісі əйелінен қызды алуын өтінген. Бірақ ол да қызды ала қоймайды. Сол кезде Зеленый қызды жерге жатқызып қойған.
"Қыз жерде жатып жылаған. Ол жылауын тоқтатпаған соң, Зеленый қастық ойлайды. Мас болған ол, кішкентай Драганның өлімін қалап, анасының көзінше Эвелинаның кеудесі тұсынан қолымен секіре бастаған. Қыз оқиға орнында көз жұмады. Одан кейін еркек пен əйел қыздың жансыз денесін қалдырыл кете барған", — деп оқыды істің үзіндісін мемлекеттік айыптаушы Ботагөз Нұрышева.
Жолда жасалған қылмысты көңілдестер жасыру туралы шешім қабылдаған. Жақын маңдағы саяжайда түнеп шығып, олар қыздың денесі қалған жерге оралады. Одан кейін оны сол саяжай да өртеп жіберген.
Сотта белгілі болғандай, анасы мен оның көңілдесі бес сағаттан астам уақыт бойы қыздың жансыз денесін өртеген.
"Біз мүрдені пеште өртеу туралы шешімді бірге қабылдадық. Отын тасыдық. Ол жерде лак болды. Біз оны барлық жеріне құйдық та, өртеп жібердік. Денесі пешке əрең сыйды. Бірақ біз оны кіргізе алдық. Эвелина шамамен 4-5 сағаттай өртенді. Сосын бүкіл қалдықты біз күлге айналдырдық", — деп мәлім етті сотталушы.
Ер адам кісі өлтіру қылмысы бойынша кінәсін мойындап отырған жоқ. Ол тек Эвелинаны қарда қалдырып кеткенін, сосын оны өртегенін айтып отыр. Қызды үсіп өлген болуы мүмкін дейді. Қыздың анасы əзірге түсінік беруден бас тартып жатыр. Оның үстінен қылмыс туралы хабарламады деген айып тағылып отыр.
Фото: sputniknews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript