Лента новостей
0

Ашулы азамат 13 қабаттан шкафты лақтырып жіберді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 07.04.2017 18:20 Zakon.kz
«Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттама тіркеліп, азаматқа қатысты айыппұл салынды.
Отбасылық жанжалдың кесірінен ер адам ашу үстінде 13 қабаттан кітап салғыш шкафты лақтырып жіберген, деп хабарлайды Baq.kz.

"ІІД жедел басқару орталығына Астана қаласының тұрғыны С.Сейфуллин көшесі №8 пәтердің терезесінен шкафты жерге лақтырған бейтаныс азаматқа қатысты шара қолдануды сұрады. Астана қаласының ІІБ Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері пәтерлерді аралау барысында шкафты 1976 жылы туған қала тұрғыны лақтырып жібергенін анықтады. Ол отбасындағы жанжал кезінде ашу-ызаға булығып, кітап шкафын балконнан, яғни 13-қабаттан лақтырып жіберген. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ", - деді Астана қаласының ІІД.

Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотымен ҚР ӘҚБтК 434 бабының 1 т «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттама тіркеліп, азаматқа қатысты 10 АЕК (22 690 тенге) айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, 2014 жылы Ақтауда көпқабатты үйдің тұрғыны балконнан далаға лақтырған ескі теледидар төрт жасар баланың басына түскен.

Фото: Baq.kz
zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: