Лента новостей
0

Таразда "Балалар университеті" ашылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 07.04.2017 20:19 Zakon.kz
Институтта тәжірибеден өткен озық ойлы оқушылардың ғылыми жобалары орталықта топтастырылады.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында Балалар университеті ашылды. «Kids University» жобасы мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуды, заманауи технологияларды меңгертуді және оны өмірде қолдана білуге дағдыландыруды көздейді. Бұл туралы zakon.kz, ТарМПИ-дың Ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Жандар Асан берген ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Оқу орнының 50 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған шара 8 бағыт бойынша жүргізіледі. Алғашқы кезең бойынша институт ғалымдары Жамбыл облысы мен Тараз қаласындағы мектеп оқушыларын химия, биология, физика және робототехника салалары бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының қыр-сырымен таныстырып, инновациялық ойларын ортаға салды.



Кешенді тәжірибе жүргізуге педагогикалық институттың базасында толық жағдай жасалған. Оқу орнында студенттер мен мектеп оқушыларының робототехника бойынша ғылыми-техникалық шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында «Электротехника», «Радиотехника», «Электроника негіздері» және «Мектептегі робототехника» оқу-зертханалары жұмыс істейді. Дәрісханалар Lego, Tetrix, Аrduino роботтарымен, заманауи құрылғылармен, оқу-әдістемелік және бағдарламалық нұсқаулықтармен жабдықталған. Сонымен қатар, Физика-математика факультетінің Жамбыл облысындағы орта және арнайы мектептеріндегі информатика пәні мұғалімдерінің робототехника, электроника негіздері мен радиотехника пәндері бойынша біліктілігін көтеруге арналған материалдық және ресурстық базалары бар.

Институтта тәжірибеден өткен озық ойлы оқушылардың ғылыми жобалары орталықта топтастырылады. Еңбектерді өндіріске енгізу ісі де жан-жақты қарастырылмақ.



Ал, жобаның өнер, мәдениет және спорт бағыты бойынша ТарМПИ ұстаздары жеткіншектерге «Дизайн», «Бейнелеу өнері», «Спорттық жаттығулар», «Сурет және сызу», «Хореография», «Алғашқы әскери дайындық» және «Музыкалық аспаптарды үйрену» секциялары бойынша шеберлік сыныптарын өткізіп, аталған мамандықтардың қыр-сырымен таныстырды.

– Бүгінгі тәжірибелік сабақтарды есімі елге белгілі өнер майталмандары, қылқалам шеберлері мен әлемдік спорт бәсекелерінде «жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» шыққан спорт шеберлері өткізді. Бұл шараның мектеп оқушыларының мамандық таңдауда тигізетін ықпалы зор. Жастардың өз бейіміне қарай дәл сол салада терең білім алуы – еліміздегі маман тапшылығы мен жұмыссыздық мәселесінің оң шешім табуына сеп болмақ, – дейді жоба авторлары.

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: