Лента новостей
0

Лаңкестік үшін кәмелетке толмағандар азаматтықтан айырылмайды - Әділет министрлігі

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 07.04.2017 23:35 Фото: zakon.kz
Департамент басшысы азаматтығынан айырылған адамның отбасы мүшелері өз құқықтарында қандай да бір шектеулерге тап болмайтынын айтты.
Азаматтықтан айыру түріндегі жаза кәмелетке толмағандарға қолданылмайды. Бұл туралы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жөнінде қоғамдық тыңдау барысында ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры Дархан Игембаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасы аясында азаматтықтан айыру жазасы қай қылмыстарда көзделгеніне тоқталған ол, «Лаңкестік әрекеттер бойынша біздің Қылмыстық кодексте нақты тізбе көрсетілген. Жалпы алғанда, лаңкестік қылмыстар тұрғысында 14 қылмыс құрамы 10 баптың ішінде ескерілген. Ал елімізге аса ауыр зиян келтіргені үшін көзделетін азаматтықтан айыру жазасы 11 бап бойынша қарастырылып отыр. Яғни, бүгінгі жоба тұрғысында 21 бап бойынша азаматтықтан айыру жазасы қамтылған»,-деді.

Осы орайда Игембаев азаматтықтан айыру қосымша жаза ретінде ескерілетінін атап өтті. Сонымен қатар бұл жаза міндетті түрде соттың қарауына сәйкес шешіледі. Мұнымен қоса, ол азаматтықтан айыру шарасы 18 жасқа дейін қылмыс жасағандарға қолданылмайтындығын жеткізді.

Департамент басшысы азаматтығынан айырылған адамның отбасы мүшелері өз құқықтарында қандай да бір шектеулерге тап болмайтынын айтты. Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының аяғында ҚР Әділет министрлігінде Қазақстанда қандай қылмыстар үшін азаматтықтан айыруы мүмкін екендігі түсіндірілген болатын.

Фото: Khabar 24
zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: