Лента новостей
0

Мемлекеттік қызметкерлерге мешітке баруға, намаз оқуға тыйым салынады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.04.2017 16:15 Zakon.kz
Қазіргі уақытта діни қызмет пен діни ұйымдар туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының концепциясы әзірленіп жатыр.
Елімізде мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытында діни жоралғыларға қатысуына шектеу қойылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп жазады ulykosh.kz.

Министр хабарлағандай, қазіргі уақытта діни қызмет пен діни ұйымдар туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының концепциясы әзірленіп жатыр. «Қысқаша тоқталсам, негізгі нормалардың ішінде кәмелеттік жасқа толмағандарды діни қызметке тартудың, дін саласындағы заңдарды бұзудың жауапкершілігін арттыру бар. Сонымен бірге қоғам тарапынан діни әдебиетті кәмелеттік жасқа толмағандарға сату, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында діни қызметке қатысуына шектеу қоюды ұсынып отыр», — деді Ермекбаев министрлікте өткен отырыста.

Министр атап өткендей, бірқатар өзгеріс діни әдебиетті тарату, діни сараптама жүргізуді жетілдіруге бағытталған. Бұдан бөлек, заң жобасында миссионерлік қызметті және шетелде діни білім алуды реттеу бойынша да нормалар қарастырылған.

«Қоғам ұсынып отырған барлық бастамалар қоғаммен, сарапшылармен талқыланатын болады. Заң жобасын мәжіліске биылғы жылдың соңына дейін енгізуді көздеп отырмыз», — деп толықтырды Ермекбаев.

Фото: ulykosh.kz
zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: