Лента новостей
0

ШҚО-да Ертістің арнасынан асқан су тасжолды басып қалды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.04.2017 16:41 Zakon.kz
9 сәуір күні Бесқарағай ауданында Ертіс өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, облыстық маңызы бар «Семей-Долонь» тасжолы су астында қалып қойды.
Шығыс Қазақстанда тасжолды тасқын су басып қалды, деп хабарлайды өңірлік ҚазАқпарат ХАА, ТЖД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

«9 сәуір күні Бесқарағай ауданында Ертіс өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, облыстық маңызы бар «Семей-Долонь» тасжолы су астында қалып қойды. Салдарынан 35 шақырым жолды су басты. Арнасынан асқан судың тереңдігі 10-15 см, ені 20 м», - делінген хабарламада.

Бірлік ауылы су тасқынына жақын маңда, небары бір шақырым қашықтықта орналасқан. Су басып қалу қаупі жоқ. Қазіргі таңда өзеннің суы арнасынан асуын тоқтатты. ТЖ орнына 7 техника мен 16 адам жұмылдырылды.

«ОблШығысЖол» ақпараты бойынша, аталмыш бағыттағы жол барлық көлік түрлері үшін жабылды. Айналма бағыт «Семей-Бесқарағай-Долонь» тасжолы арқылы жүзеге асырылады.

Фото: www.inform.kz
zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: