БҚО-да малдың арасында пастереллез дерті анықталды
Zakon.kz
Облыстық ветеринарлық зертханаға зерттеуге 26 патологиялық матерал жолданған.
Батыс Қазақстан облысында малдың арасында аса қауіпті екі ауру ошағы анықталып отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі өңірлік филиалында БҚО ветеринария басқармасының басшысы Қазбек Тәшімов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Оның айтуынша, ірі қара арасында қарасан Бөкей ордасында, ал пастереллез Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылында тіркеліп отыр. Аталмыш ауылда барлығы 1003 бас ірі қара және 4600 бас ұсақ мал бар. Облыстық ветеринарлық зертханаға зерттеуге 26 патологиялық матерал жолданған.
Соның алғашқыларынан пастереллез анықталды, қалғандары зерттелу үстінде. Әзірге шектеу қойылған жоқ, барлығы белгілі болғаннан кейін тиісті шара алынады. Жағдай бақылауда. Өткен жылы аса қауіпті жұқпалы аурулардан 25 ошақ (соның 13-і құтыру, екеуі - пастереллез, 8-і қарасан, біреуі жұқпалы ринотрахеит, тағы біреуі түйнеме) тіркелген болатын.
«Биыл ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 838,5 млн. теңге бөлінсе, соның ішінде эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 744,3 млн. теңге, малы бруцеллезге шалдыққан тұрғындарға өтемақы төлеуге 94,2 млн. теңге қаралды. Қазіргі таңда облысқа 2,8 млн. доза екпе алынса, соның 304,9 мыңы нодулярлы дерматитке қарсы егілмек. Малды егу жұмыстары басталды. Сонымен қатар облыс бойынша бұралқы ит, мысықтарды жоюға жергілікті бюджеттен 47,4 млн. теңге қарастырылып, күні бүгін 6 мың ит, 157 мысық ауланды», деді Қ.Тәшімов.
Фото: penza.meatinfo.ru
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript