Ақтауда дүңгіршек ішінен екі адам өлі күйінде табылды
Zakon.kz
Сот-медициналық сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ақтауда салынып жатқан нысан аумағындағы дүңгіршекте екі адам өлі күйінде табылды. Ішкі істер департаментінің ақпаратына сәйкес, қаза болғандар — 1959 және 1986 жылы туған Ақтау тұрғындары, деп жазады stan.kz, Лада жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.
Алдын ала болжам бойынша, ер адамдардың өлу себебі — тұншықтырғыш газға улану. Болжам бойынша, олар мас болған. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Фото: stan.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript