Лента новостей
0

Ақтөбеде іргетасы 1895 жылы қаланған үйдің тұрғындары биліктен көмек сұрайды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.04.2017 16:18 Zakon.kz
Тұрғындардың бәрі бірдей үй кезегіне тұрмайынша ешкім ол жерден көшірілмейтін болды.
Ақтөбеде іргетасы 1895 жылы қаланған үйдің тұрғындары биліктен көмек сұрайды. Жандарын шүберекке түйіп отырған бес отбасы бір күні үйдің астында қаламыз ба деп корқады. Айтуларынша, үй апатты жағдайда деп осыдан сегіз жыл бұрын ресми түрде танылса да әлі күнге тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілмепті. Азаматтар одан бері Ақтөбе қаласының үш әкімі ауысып үлгергенін айтады. Бұл туралы 31 телеарна жазды.
Құлаудың аз-ақ алдында тұрған мына ескі үйдің тұрғындары жергілікті биліктен көмек сұрап шаршадық дейді. Құзырлы мекемелерге үйдің апатты екенін бір емес, екі рет дәлелдеп құжат апарсақ та, әлі күнге көңіл аудармай отырған билік басындағыларды адам өмірі алаңдатпайтын сияқты дейді тұрғындар.
ИРИНА КИРСАНОВА, тұрғын:

- Үйдің апатты екенін 2009 жылы да, 2013 жылы да екі рет дәлелдеп бердік. Қолымызда құжат бар. Бірақ ештеңе шешілмейді. Үйдің жағдайы өте нашар. Тұруға өте қауіпті. Бала - шағамыз бар. Қорқамыз. Түнде аман - есен шықсақ екен деп тілеп жатамыз.
Үйінді астында қаламыз ба деп үрейленіп отырған Ирина Кирсанованың отбасынан басқа тағы бес әулет бар. Ал жергілікті шенеуніктер болса апатты үй тұрғындарына осы уақытқа дейін не үшін көмек бермей отырғандығын былай деп түсіндіреді.
ЖАНАРГҮЛ ДҮЙСЕКЕНОВА, «Ақтөбе қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі бөлімі» ММ сектор меңгерушісі:

- Осы үйде ауызбіршілік жоқ. Біреуі жақсы біз кезекке тұрамыз дейді, енді біреуі бас тартады. Сондықтан да алдағы уақытта кезекте тұрғанымен олардың шаруасы шешілмейді.
Сонымен, тұрғындардың бәрі бірдей үй кезегіне тұрмайынша ешкім ол жерден көшірілмейтін болды. Бір қызығы әкімшіліктегілер 70 пайызға апатты деп танылған үйден қауіп көрмейтін сыңайлы. Өйткені шыдас береді деген тұжырым жасайды. Ал бір Ақтөбе қаласы бойынша қазірдің өзінде апатты жағдайда 60 тұрғын үй тұр.

Фото: 31 арна
zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: