Лента новостей
0

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға сот үкімі шықты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.04.2017 18:01 Zakon.kz
Бұл істі ұйымдастырушы ағайындылар - Роберт пен Ильдар Зиатдиновтарды Алмалы аудандық сотының судьясы Қайрат Иманқұлов кінәлі деп тапқан.
Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға сот үкімі шықты. Алаяқтықпен айналысқан Ресей елінің 5 азаматы 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды, деп жазады Алматы телеарнасы.

Бұл істі ұйымдастырушы ағайындылар - Роберт пен Ильдар Зиатдиновтарды Алмалы аудандық сотының судьясы Қайрат Иманқұлов кінәлі деп тапқан. Оларды мүлкін тәркілеумен бірге, жалпы режимдегі түзету колониясына 8 жылға қамау жөнінде шешім қабылданды.

Қылмыстық топтың қалған мүшелеріне дәл осындай жаза тағайындалды. Алаяқтар, 2014-2015 жылдары Алматы, Астана және еліміздің ірі қалаларында арам пиғылдарын жүзеге асырып отырған.

Олар азаматтардан банктен несие алғызып, төлемді өздерінің мойнына алатындықтарын айтып сендірген.

Анық болғаны, бұл іске тартылған 700 салымшының несие қаражаты 500 миллион теңгені құраған.

Бұл ақша ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің жеке шоттарына аударылып, артынша айлакерлер оны қолма-қол алып отырған.

Фото: www.inform.kz
zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: