Лента новостей
0

Алматыдағы мектептерде үш тілді білім беру жүйесі кезеңмен енгізіліп келеді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.04.2017 23:12 Zakon.kz
Бүгінгі күні Алматыда 201 мемлекеттік, 44 жеке меншік мектеп жұмыс істейді. Онда 219 мың оқушы білім алып жатыр. Үш тілді білім беру жүйесі қазір қаладағы 10 білім ошағында іске асырылуда.
Алматыдағы мектептерде үш тілді білім беру жүйесі кезең - кезеңмен енгізіліп келеді. Қазір қалада 10 білім ордасы бұл жүйеге көшкен. Онда химия, биология, информатика және физика сынды пәндер ағылшын тілінде жүргізіліп жатыр, деп жазады Алматы телеарнасы.

Бекдана Сайфеденова - болашақта дәрігер болғысы келеді. Жаратылыстану пәніне қызығушылық танытқан 10-сынып оқушысы қазақ, орыс және ағылшын тілін жетік меңгерген. Үш тілде еркін сөйлейтін ол осының арқасында шет тілінде жазылған еңбектермен танысып, халықаралық байқауларда бақ сынауға мүмкіндік алып отырмын дейді.

«Университетке түскен кезде осы ағылшын тілі бізге өте бір пайдасын әкеледі деп ойлаймын. Ең керемет университетке түсуіміз оңаймен келеді деген менің ойым», - деді оқушы Бекдана Сайфеденова.

Бекдананың сөзінше, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жастарға үлкен үміт артылатыны айтылған. Сондықтан президент атап өткен компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторларды барлығымыз меңгеруіміз елдің дамыған елдері қатарына қосуына ықпалдасады дейді. Ол білім алып жүрген «Білім-инновация» лицейінде физика, информатика, химия және биология пәндері ағылшын тілінде жүргізіледі.

«Бізде оқушылар 7 сыныптан жалпы білім беретін мектептерден келеді. Гимназиялардан, лицейлерден келеді. Ол жерде қазақ мектебі, орыс мектебінен келген оқушылар. Бірден келген кезде қиыншылықтар болады. Себебі бірден тілді түсіну қиындық соғады. Оған қарамастан, бізде лицейде 7 сыныптан қабылданған кезде оқу жылы басталмай тұрып, тек ағылшын тілін тереңдетіп оқытылатын курс береді», - деді «Білім-инновация» лицейі директорының орынбасары Гүлназ Мереева.

Бүгінгі күні Алматыда 201 мемлекеттік, 44 жеке меншік мектеп жұмыс істейді. Онда 219 мың оқушы білім алып жатыр. Үш тілді білім беру жүйесі қазір қаладағы 10 білім ошағында іске асырылуда. Бүгінде ұстаздар білімі де барынша жетілдіріліп жатыр.

«Негізгі қазір мақсатымыз ол мұғалімдерді дайындау. Осыған байланысты бізде қала бойынша 330 мұғалім қазіргі таңда өздерінің біліктілігін көтеріп, физика, химия, биология, информатика пәнінің мұғалімдері ағылшын тілін оқып, өздерінің білімдерін көтеріп жатыр», - деді Білім басқармасының бас маманы Қарлығаш Әбдіманапова.

Алматыда үштілділікті дамытуға байланысты кешенді жоспар құрылған. Осыған байланысты мектеп директорлары мен ұстаздарға арнайы семинарлар, жүйені енгізген білім ошақтарында тәжірибе алмасуға арналған шаралар ұйымдастырылуда. Үш тілді білім беруді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та атап өткен болатын. Маңызды құжатта «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар - ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы» екендігін баса айтты.

Перизат Көмекбайқызы, Влад Шишко

Фото: www.dialog.kz

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: