Лента новостей
0

Қарағандыда белгісіз біреулер жолаушылар автобусын таспен атқылады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.05.2017 16:54 Zakon.kz
Салондағы алты адамның алтауы да артқы орында отырғандықтан зардап шекпеген.
30 сәуір күні кешкі уақытта белгісіз біреулер №43 жолаушылар автобусының терезесін таспен атқылаған. Бұл туралы stan.kz, ekaraganda.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Таспен атқылаған кезде атобус “Жаңа Майқұдық мәдениет үйі” мен “Колос” аялдамалары арасында тоқтап тұрған. Салондағы алты адамның алтауы да артқы орында отырғандықтан зардап шекпеген. Ал шабуыл негізінен ортаңғы терезелерге қарай бағытталыпты.

“Қатты дауыс шықты. Біз басында тапаншадан оқ атылды деп ойладық. Бірақ, содан кейін бірден оның тас екенін түсіндік. Жолаушылардың ешқайсысы жарақат алмады”, – деді кондуктор Ақнұр.

Ақнұр Испанованың айтуынша, оқиға 22:00 шамасында автобус соңғы рейсті жасап жатқан кезде орын алған. Ал сынған терезелерді сақтандыру компаниясы өтеп беруі тиіс екен.

“Істі жауып тастаған сияқты. Кімнің атқылағанын ешкім де білмейді. Дәлел жоқ. Сірә, балалар лақтырған шығар”, – дейді ол. Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша аталған жағдай “Бұзақылық” бабы бойыншы тіркеуге алынған.

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: