Лента новостей
0

Корей қызы Абайдың 200 өлеңін жатқа біледі

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.05.2017 21:52 Фото: zakon.kz
Өлеңді шабытпен оқып, сөздің мәнісін салмақтай білетін өнерлі өрен талай сында дараланды.
Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны, корей қызы Елена Ким Хәкім Абайдың 200 өлеңін жатқа біледі, деп хабарлайды Baq.kz.

Ақмая ауылындағы №49 мектепте 10-сыныпта оқитын Еленаның талабы таудай. Жүзі басқа болғанымен, жүрегі қазақ деп соғады. Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген сөзін өмірдегі басты ұстанымы санайды.

«Абай өлеңдерін 5-сыныптан бастап оқып, жаттап жүрмін. Ақын атамыздың асыл сөздері өмірлік тәжірибеде көп көмегін тигізеді. Болашақта да Абай өлеңдерін жаттап, қарасөздерін толықтай меңгергім келеді. Қазір ақынның 200 өлеңін жатқа айтып жүрмін. Болашақта филолог болсам деймін», – дейді оқушы Елена.

Өлеңді шабытпен оқып, сөздің мәнісін салмақтай білетін өнерлі өрен талай сында дараланды. Республикалық, облыстық Абай оқуларында топ жарды. Пәндік Олимпиадаларда жүлдегер атанды.

«Ерекшелігі, Елена қазақ балаларымен бірге сайысқа түсіп, байқауда жеңімпаз атанып жүр. Оған бесінші сыныптан сабақ беріп келе жатырмын. Елена әрдайым білсем, көрсем деп алға ұмтылып жүреді. Ол тек қана Абайды емес, қазақтың басқа да ақындарының өлеңін оқиды. Содан ой түйе біледі. Достарымен де жақсы араласады, жатсынбайды, барлығымен тең ой бөлісе алады», – дейді №49 орта мектептің мұғалімі Бибігүл Сұлтанова.

Елена Ким қазақ тілін және мәдениетін терең білуге ынталы. Сондықтан, қазіргі күні ол батырлар жыры мен патриоттық сарындағы өлеңдерді де жаттап жүр.

Ибраш Әли

Фото: Baq.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: