Лента новостей
0

ОҚО-да заңсыз балық аулаудың 70-ке тарта дерегі анықталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.05.2017 20:22 Zakon.kz
Заңсыз балық аулау жайттары бойынша 4 экологиялық қылмыс анықталды.
Оңтүстік Қазақстан облысында заңсыз балық аулаудың 70-ке тарта дерегі анықталды. Балық уылдырық шашатын кезеңде браконьерліктің жолын кесу, заңсыз балық аулауды болдырмауға бағытталған «Уылдырық» жедел алдын алу іс-шарасын өткізген тәртіп сақшылары кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат ХАА.

Аталған шара барысында браконьерлікті болдырмау және балық ресурсын сақтау, сондай-ақ заңсыз балық аулау, сатып алу және тасымалдау деректерін анықтау мақсатында Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полицелері су қоймалары аумағында мобильді топтар құрып, рейдтік шаралар жүргізді.

Онда заңсыз балық аулау жайттары бойынша 4 экологиялық қылмыс анықталды. Мәселен, Сарыағаш ауданында су қоймаларының маңында заңсыз электр аумен балық аулап жүрген 1984 жылы туылған жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктіден айғақты зат ретінде балық аулау құрылғыларын 8 кг балық және қайығы тәркіленді.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 355 бабымен қылмыстық іс қозғалып сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Табиғатты қорғау полицелері рейдтік шара барысында 65 әкімшілік құқықбұзушылық, сонымен қатар балық ресурстарын қорғау ережесін бұзғаны үшін 56 құқықбұзу жайттарын анықтап бір миллион тенге көлемінде айыппұл салды. Айта кетейік, өңірде 10 сәуірде басталған «Уылдырық» жедел профилактикалық іс-шарасы 30 мамырға дейін жалғасады.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: