Лента новостей
0

Ж.Түймебаев қазығұрттық ҰОС ардагерінің шаңырағында болды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.05.2017 03:05 Zakon.kz
Аймақ басшысы мұнымен қоса, қарт кісіге Жеңіс күні мерекесі көңіліңізге нұрлы шуақ ұялатып, қуаныш сезімін сыйласын деп, Тәуелсіз еліміздің жаңа жетістіктеріне куә бола беруіне тілектес екенін жеткізді.
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған салтанатты шарадан соң Қазығұрт ауданының тұрғыны ҰОС ардагері Иса Телікбаевтың отбасына арнайы барып құттықтап, иығына шапан жапты.

Ленинград майданында шайқасқан ардагермен әңгіме барысында әкім ІІ Дүниежүзілік соғыста көрсеткен жанқиярлық ерліктері мен жаужүректілігі елге мұра, ұрпаққа үлгі екенін жеткізді. Сондықтан да Елбасымыз әрдайым соғыс және тыл ардагерлеріне қолдау көрсетіп, олардың хал-ахуалын көтеруге көп көңіл бөліп келетінін атап өтті.

Аймақ басшысы мұнымен қоса, қарт кісіге Жеңіс күні мерекесі көңіліңізге нұрлы шуақ ұялатып, қуаныш сезімін сыйласын деп, Тәуелсіз еліміздің жаңа жетістіктеріне куә бола беруіне тілектес екенін жеткізді.

Иса Телікбаев 1922 жылы Қазығұрт ауданында туылған. Әке-шешеден 5-6 жасында жетім қалып, Тұрбат ауылында ашылған жетім балар үйінде тәрбиеленген. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, Ленинград майданында, Фин шығанағында соғысқа қатысты. Ол онда 22-ші бекініс ауданы 106 пулеметті-артилерия ботальонында қызмет етті.

Көрсетілген ерлігі үшін бірінші рет ІІІ-дәрежелі «Даңқ» орденімен және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен, Ұлы Отан Соғысының ІІІ-дәрежелі орденімен және «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.

1945 жылы елге оралып, 1946 жылы Қаратас аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, бюро мүшесінің кандидаты және аудандық советтің депутаты қызметтерін атқарды.

1953-1958 жылдары Алматы жоғары партия мектебін бітіріп, 1960 -1962 жылдары Шаян аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінде, аудандық комитетінің төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарады.
Жалпы партия совет аппаратында 34 жыл қызмет атқарған. Бүгінде «Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы» және Қазығұрт ауданының Төбе биі.


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: