Лента новостей
0

Батыр жауынгерлердің ұрпақтары 72 жылдан кейін кездесті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.05.2017 16:37 Zakon.kz
Бүгінге 80 жасты еңсерген кейуаналар Жеңіс күні қарсаңында кездесіп, ағаларының өсиетін орындады.
Ертіс өңірінде Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен дос майдангерлердің ұрпақтары араға 72 жыл салған соң кездесті. Бұл ата-бабаларының аманаты еді, деп хабарлайды Baq.kz.

Майдандас достарды Польшадағы сұрапыл соғыс ажыратты. 239-ші атқыштар полкінің взвод командирі Сағадат Қошқаров Жеңіс күніне екі ай қалғанда досы Ахат Сағадатұлының қолында қаза болған. Ахат Сағадатұлы осы кезде оның туған-тусқандарын тауып, ержүректігі туралы айтып беруге уәде беріпті. Кейін елге аман-есен оралып, еңбек етті. Бір қызығы, екі жауынгердің ұрпақтары бір өңірде тұрса да, 72 жыл бойы кездесу бұйырмапты.

Сағадат Қошқаровтың аманатын орындау мақсатында Жібек Әубәкірова Павлодар облысындағы қорғаныс істері жөніндегі департаменті мамандарының көмегіне жүгінген. Сағадат Қошқаровтың фотосуреті Жібек апаның қолында 72 жыл бойы сақталыпты. Ахат Сағадатұлының қолында қаза тапқан ол суретін тарту етіп, ұрпақтарын табуды өтініпті. Майдангердің арманы жуырда орындалды.

Қос батырдың қарындастары Жібек Әубәкірова мен Гүлнәрім Каниева кездескен сәтте, көз жасын жасыра алмағаны шындық. Бүгінге 80 жасты еңсерген кейуаналар Жеңіс күні қарсаңында кездесіп, ағаларының өсиетін орындады.

«Ағам Сағадат 1939 жылы әскер қатарына шақырылды. Сол сәтте мен 7 жастағы бала едім. Өткен ғасырдың 20-30 шылдары қазақ даласын аштық жайлағаны тарихтан белгілі. Ағам жетім қалып, әкемнің қолында еңіреп қалды. Әскерде Отан алдындағы борышын өтеп болған соң сұм соғыс басталып кетті. Біз әскери комиссариаттарға сан мәрте хат жаздық. Әйтеуір соғыс аяқталар кезде кезекті шайқастардың бірінде Польшаның Глынь елді мекенінде қаза тапқаны туралы дерек анықталды. Қайтыс болғаны туралы «Қара қағазда» осылай жазылған. Ағамның «Қызыл жұлдыз орденімен марапатталғанын білдік», - дейді Гүлнәрім Каниева.

Енді Гүлнәріп апа жат жерде көз жұмған жауынгердің жатқан жерін тауып, Құран бағыштауды арман етуде.

«Ағам Ахат соғыстан оралған соң Алматыда мұғалім болып еңбек етті. Майдандас досының туыстарын көп жылдар бойы іздесе де, таба алмапты. Сондықтан, Сағадат Қошқаровтың ұрпақтарын іздеумен мен айналыстым. Жергілікті қорғаныс істері департаментінің мамандарына мың алғыс!» - дейді кейуана.

Ақмаржан Әділбек

Фото: автордікі


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: