Лента новостей
0

Музейде Димаштың сахналық киімдері мен фанаттары тарту еткен сыйлықтар қойылуы мүмкін

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.05.2017 17:26 Zakon.kz
Светлана Айтбаева Қытайдан Димашқа фанаттары берген ерекше сыйлықтарды да мүмкіндігінше Қазақстанға жеткізуге тырысқанын айтады.
Ақтөбеде бой көтеріп жатқан музейде жас әнші Димаштың сахналық костюмдері қойылуы мүмкін, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Сонымен бірге, Қытайдағы фанаттары тарту еткен ерекше сыйлықтары мен жазған хаттары да музей сөрелерінен орын алуы ықтимал.

Айта кетейік, санаулы күн бұрын «Ақтөбе ақпарат» орталығында есеп берген облыстық мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева танымал өнер адамдарының бұйымдары Ақтөбеде бой көтеріп жатқан музейден орын алу мүмкіндігін жоққа шығармады.

Aktobenews.kz тілшісі Димаштың анасы Светлана Айтбаевадан осыған қатысты пікірін білген болатын. Оның айтуынша, егер бастама қолдау табатын болса, өнерлі отбасы мүмкіндігінше музейге көмектесуге дайын.

«Осыған дейін Ембі қаласындағы Жұбановтар музейінің директоры сахналық киімдерімізді сұратқанда Қанат екеуміздің костюмдерімізді берген болатынбыз. Осы жолы жаңа музей тарапынан ұсыныс түссе, әрине, берер едік. Тіпті, кешегіде Димаштың Қытай сахнасында киген киімдерін де тарту етеміз», — дейді Светлана Айтбаева.

Сонымен бірге, Светлана Айтбаева Қытайдан Димашқа фанаттары берген ерекше сыйлықтарды да мүмкіндігінше Қазақстанға жеткізуге тырысқанын айтады.

«Қытай фанаттары хаттар жазған. Ойыншықтар, альбомдар сыйлады. Шамам келгенше Қазақстанға әкелдім. Бүгінде үлкен қорапқа салып жинап қойдым. Егер музейден орын табылса, әрине, кейбір дүниелерді экспонат ретінде беруге дайынбыз», — дейді ол.

Мұхит Әлжан

Фото: qamshy.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: