Лента новостей
0

Шаханда жарылыс болған үйдің от жағушысының отбасына пәтер беріледі

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.05.2017 18:11 Zakon.kz
Шахан ауылында жылыту қазандығының жарылуы салдарынан болған қайғылы оқиғадан кейін сол кіреберісте тұратын тұрғындар пәтерлерінен бас тартқан болатын.
Қарағанды облысының Шахан ауылындағы апат болған үйде от жағушы болып жұмыс істеген ер адамның отбасына үй беріледі. Екі бөлмелі пәтер апат болған үйде орналасқан, деп хабарлайды Baq.kz.

Шахан ауылында жылыту қазандығының жарылуы салдарынан болған қайғылы оқиғадан кейін сол кіреберісте тұратын тұрғындар пәтерлерінен бас тартқан болатын. Осы пәтерлердің бірі жарылған қазандықтың от жағушысы болып жұмыс істеген Майрамбек Жиенбаевтың отбасына берілмек.

«Жарылыс болып, жартылай аман қалған үйдегі жеті пәтердің біреуі от жағушының отбасына беріледі. Бес қабатты үй берік, орнықты. Оның жан-жағында қосымша тұтастырғыштар тұр. Үйдің аман қалған үш кіреберісіндегі жеті отбасы психологиялық қорқыныш деп, бұл үйде тұрудан бас тартқан болатын. Пәтерлердің біреуі үш баласын жалғыз асырап отырған анаға беріледі деген шешім қабылдадық. Ол көп уақыттан бері кезекте тұр. Балалар үйінің екі тәрбиеленушісіне де бір-бірден пәтер беріледі. Тағы бір пәтер үш балалы әйелге беріледі. Апат кезінде қаза болған Виталий Андроповтың егде жастағы ата-анасына да пәтер беріледі. Виталийдің өзі, әйелі мен 8 жастағы қызы жарылыстан қаза болған болатын. Қарттарға енді кім қамқор болады? Біз оларға тұратын жер беріп, көмектесеміз», - деді төтенше жағдайлар салдарынан жапа шеккендерге көмек көрсету қайырымдылық қорының төрағасы Жамала Мамерханова.

Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі бала.
Жарылыс болған үйдің от жағушысы сол күні із-түзсіз жоғалып, оның денесі сәуір айында ауылдан 700 метр қашықтықтағы қараусыз қалған саяжайдан табылған. Шахан ІІБ қызметкерлері от жағушыға ешкім зорлық көрсетпегенін, үсіп қалуы мүмкін екендігін айтқан.

«Құқық қорғау органдары от жағушыны кінәсіз деп тапты. Қазіргі уақытта оның жесірі мен кішкентай екі қызы апат болған бесқабатты үйдің басқа да тұрғындары сияқты жапа шегуші болып табылады», - деді қайырымдылық қорының директоры Ерлан Керімқұлов.

Жібек Мұқашева

Фото: iblog.kaztrk.kz



Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: