Лента новостей
0

Таразда шығармашылық жұмыстардың көрмесі ашылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.05.2017 17:57 Zakon.kz
Көрмеге қойылған қолөнер бұйымдары екі апта бойы Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылмақ.
Жамбыл облыстық көрме залында «Дәстүрдің алтын діңгегі» атты шығармашылық жұмыстардың көрмесі ашылды. Көрмеге Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылары мен студенттерінің өнер туындылары қойылған. Бұл туралы оқу орнының ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Жандар Асан хабарлады, деп жазады zakon.kz.

Көрменің мақсаты – көпшіліктің қолданбалы өнер мен кескіндеме жанрына көркем құндылық тұрғысындағы көзқарасын қалыптастыру, жергілікті қөлөнер шеберлері арасында тәжірибе алмасу және ұлттық мәдени мұрамызды насихаттау.

– Тәуелсіздігімізді алғалы бері басты төл жәдігерлеріміз болып саналатын ұлттық киімдеріміз бен қолөнерімізді дәріптеуге айрықша көңіл бөліне бастады. «Ел іші – өнер кеніші» демекші, аймақтарда осы саланы дамытуға айрықша назар аударылып, өнерлерімен танылған шеберлеріміздің қарасы артты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында бабадан балаға мұра болып келе жатқан мәдени мұраларымызды өскелең ұрпаққа жеткізуді һәм таныстыруды міндеттеді, – деп атап өтті шара ұйымдастырушылары.



Көрмеге институттың Кәсіптік оқыту және дизайн кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің 50-ден астам қолданбалы өнер, кескіндеме жанрындағы туындылары және ұлттық нақыштағы киім үлгілері қойылған.

Атап айтқанда, А. Назарованың «Скакун – вольная душа казахской степи», А. Хамиттың «Ер-тоқым», Г. Ашықбайдың «Домбырашы қыз», Ж. Базарбектің «Махаббат», Е. Бошқұлдың «Қасқыр терісі», Қ. Нұрбайқызының «Айша бибі», А. Нейфельдтің «Бала бесік» атты туындылары төл тарихымыздың терең қойнауынан сыр шертеді. Ал, А. Аманжолдың «Шебер қолы», М. Әлжановтың «Халық өнер тамыры», Ж. Тұрмаханованың «Бәйтерек тарихы», Ш. Жұмалиеваның «Астана жолы», «Тәуелсіздікке 25 жыл», Г. Нұрпаштың «Ертегі әлемі», Ж. Қилыбаеваның «Көктем көңілі», А. Фиешканың «Нежность» тақырыбындағы шығармаларында еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктері мен толайым табыстары көркем бейнеленген. Сондай-ақ, ұлттық музыкалық аспаптар, «Көктем гүлі», «Кербез сұлу», «Томирис», «Ханшайым» сәнді киім коллекциялары мен күнделікті тұрмыс-тіршілікте қолданылған ұлттық бұйымдар көпшілік назарына ұсынылды.



– Көрмені ұйымдастырудағы басты көздегеніміз – төл құндылықтарымызды жандандырушы студенттердің қатарын көбейтіп, олардың өнерлері арқылы ұлттық киім үлгілеріндегі элементтерді жаңа үлгідегі ұлттық киімдерімізге ендіріп, тың брэндттер қалыптастыру. Бүгінгі шараны тамашалаған көпшілік көп нәрсеге көз жеткізді деп ойлаймын. Ең бастысы, ұмыт болып бара жатқан дүниелерімізбен қайта қауыштық, – дейді Кәсіптік оқыту және дизайн кафедрасының меңгерушісі Айнұр Жаскиленова.

Іс-шара соңында үздік деп танылған өнер туындыларының авторлары арнайы сертификатпен марапатталып, педагогикалық институттың өнер ұжымдарының гала-концертіне ұласты.

Көрмеге қойылған қолөнер бұйымдары екі апта бойы Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылмақ.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: