Лента новостей
0

Биылдан бастап сәбилi болғандар жәрдемақыны 24 пайызға артық алады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.05.2017 20:50 Zakon.kz
Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы жәрдемақы мөлшерiн 20 пайызға арттыру көзделiп отыр.
Мәжiлiс «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңының жобасын мақұлдады. Заң жобасында балалы отбасыларды мемлекеттiк қолдауға бағытталған нормалар қарастырылған, деп хабарлайды Baq.kz.

«Бiрiншiден, бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы жәрдемақы мөлшерiн 20 пайызға арттыру көзделiп отыр. Жәрдемақының мөлшерi бiрiншi, екiншi, үшiншi балаға 31,41 айлық есептiк көрсеткiштен (АЕК) 38 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн, ал төртiншi және одан көп балаға 52,35 АЕК-тен 63 АЕК-ке дейiн артатын болады. Елiмiзде жылына 400 мыңдай бала туатынын ескерсек, шамамен 300 мыңнан астам отбасы арттырылған мөлшерде жәрдемақы алады. Нәтижесiнде 2017 жылы жәрдемақының мөлшерi өткен жылмен салыстырғанда 24 пайызға артқалы отыр», - дедi Дүйсенова.

Еске салсақ, бұған дейiн БАҚ-та 2017 жылдың 1 шiлдесiнен бастап балаларға төленетiн жәрдемақы көлемi артатыны туралы хабарланған болатын. Мәлiметке сәйкес, қазiргi таңда 1, 2, 3-шi балаларға 66 мың 621 теңге төленсе, 1 шiлдеден бастап бұл сома 86 мың теңгеге жетеді. Ал 4-шi және одан көп балаға 111 мың 135 теңге төленсе, 1 шiлдеден бастап 142 мың теңгеден артық төленедi.

Дүйсенованың айтуынша, заң жобасын iске асыру үшiн республикалық бюджеттi нақтылау кезiнде 2017 жылы қосымша 81,6 млрд теңге қарастырылды. Жобаны жүзеге асыру үшiн 11 заңға, оның iшiнде Зейнетақы туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу көзделген.

Қымбат Елтайқызы

Фото: Baq.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: