Кәсіпкерлер есептеу тәсілдерінің ескіруіне байланысты айыппұлды шамадан артық төлеп жүр
Zakon.kz
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арнайы басқосу ұйымдастырып, осы мәселені талқыға салды.
Кәсіпкерлер коммуналдық қызметтер үшін айыппұлды шамадан артық төлеуге мәжбүр. Оның себебі есептеу тәсілдерінің ескіргенінде болып тұр. Астаналық бизнесмендердің мұңы осы, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арнайы басқосу ұйымдастырып, осы мәселені талқыға салды. Кәсіп иелерінің айтуынша, «Астанаэнергосбыт» және «Астана су арнасы» компаниялары оларға түрлі себептермен 100 есе артық айыппұл салады. Алайда бұл мекеме өкілдері жиынға қатысып, бизнесмендердің сауалдарына жауап беруді жөн көрмеді.
Осы орайда кәсіпкерлер палатасы айыппұлды бекітудің тәсілін өзгертуді ұсынды. Яғни ведомство соңғы 3 айда төленген коммуналдық қызмет сомасын екіге көбейтіп, айыппұлды анықтау туралы пікір білдірді. Ал Табиғи монополияларды реттеу агенттігі мұндай шешімді толықтай қолдады.
Жұлдыз Кәкенов, кәсіпкер:
- Ай сайын біз су және кәріз жүйесі үшін 160-200 мың теңге төлейміз. Жақында «Астана су арнасы» «бітеме алынып тасталды» деген сылтаумен бізге 28 млн теңге айыппұл салды. Компаниямыз сотқа жүгініп, оны жеңді. Осындай жағдай қайталанбауы үшін біз Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіп, есеп жүргізу жүйесін өзгертуді талап етіп отырмыз.
Қазбек Көшеков, ТМР және бәсекелестікті қорғау департаменті бөлімінің басшысы:
- Әрине, өзгеріс енгізу қажет. Қазір біз әр кәсіпкердің мәселесін заңмен жеке шешіп жатырмыз. Бірақ бұл түйткіл түпкілікті шешімін табуы керек. Алдағы уақытта тағы жиналып, есептеудің жаңа механизмін қарастырамыз. Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
Фото: 24.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript