Лента новостей
0

Қостанайда сәби трактордың дөңгелегіне толтырылған суға тұншығып көз жұмды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.05.2017 20:09 Zakon.kz
Қазіргі таңда қайғылы жағдай баланы қараусыз қалдырған ата-анасының абайсыздығынан болғаны анықталды.
Қостанай ауданына қарасты Осиновка ауылында үш жастағы қыз бала аянышты жағдайда көз жұмды. Ол үйінің жанында ойнап жүріп, бау-бақша суару үшін дайындалған су толы «К-700» тракторының дөңгелегіне түсіп, шетінеп кетті, деп хабарлайды Baq.kz.

«Осиновка ауылында үйінің ауыласында ойнап жүрген 2014 жылғы 14 мамырда туған қыз баланың жансыз денесі бақша суару үшін су толтырылған «К-700» тракторының дөңгелегінен табылды. Сәби өлімімен аяқталған қайғылы жағдай осыдан бірнеше күн бұрын тіркелген», –дейді Қостанай облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.

Сондай ақ, қазіргі таңда қайғылы жағдай баланы қараусыз қалдырған ата-анасының абайсыздығынан болғаны анықталды.

«Өңірде осындай бала өлімімен аяқталатын қайғылы оқиғалар өзен мен көлдердің маңында ғана емес, адамдардың қолдан жасған су қоймаларында, шараушылық мақсаттарына пайдалануға су құю үшін қойған үлкен ыдыстардың кесірінен де болып жатыр. Мәселен, облыс бойынша былтыр суға шомылу маусымында 21 адам қаза тапса, соның 4-еуі бала болып отыр. Биыл жыл басынан бері облыс аумағында осы секілді қайғылы оқиғадан 3 және 15 жастағы екі бала қаза тапты», – дейді облыстық ІІД боспасөз хатшысының міндетін атқарушы Айгүл Балғабаева.

Мешіт Ғазиз

Фото: Baq.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: