Таразда «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған марафон өтеді
Zakon.kz
Жеңімпаздар 5 аталым бойынша марапатталады.
Ертең Тараз қаласында «Жасыл марафон» атты жаппай жүгіру жарысы өтеді. Аталған шара «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орайластырылған. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұйытқы болуымен аймақта тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған жарысқа қатысушылар 3 шақырым қашықтықта жүгіріп, сынға түседі. Бұл туралы zakon.kz, оқу орнының Ақпараттық-имидждік қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
ТарМПИ-дың бас оқу ғимаратынан басталатын марафонға қатысуға мыңнан астам адам ниет білдірген. Олардың қатарында жоғары оқу орындарының ұжымдары мен студенттері және қала тұрғындары бар.
Шара барысында Рио Олимпиадасының күміс медаль иегері, дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Елдос Сметов, қазақ күресінен Әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дәулет Пахрединов және әлемдік, республикалық спорт додаларының жеңімпаздары марафонға қатысушыларымен бірге таңғы жаттығу жасайды.
– Бұл марафон жастардың спортпен тұрақты айналысуына зор мүмкіндік береді. Сол үшін баршаңызды шараға қатысуға шақырамыз. Жалпы Тараз марафонды қолдап отырған төртінші қала. Мақсатымыз – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін насихаттай отыра, өңір жастарының спортқа құлшынысын арттыру, тұрғындар арасында бұқаралық спорт түрін дамыту, – дейді жарыс ұйымдастырушылары.
Жеңімпаздар 5 аталым бойынша марапатталады. Марафон соңы педагогикалық институттың өнер ұжымдарының гала-концертіне ұласады.
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript