Лента новостей
0

Мәжіліс Төрағасы Грузия елшісін қабылдады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.05.2017 21:35 Zakon.kz
Биыл екі мемлекет арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толды.
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстандағы Грузияның Төтенше және Өкілетті елшісі Зураб Абашидзені қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Тараптар барлық сала бойынша екіжақты қарым-қатынасты одан әрі тереңдетудің өзекті мәселелерін талқылады.

Биыл екі мемлекет арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толды. Сондай-ақ, 26-мамыр Грузия елінің тәуелсіздікті қалпына келтіру - ұлттық мейрамы. Мәжіліс Төрағасы мейманды қос мерекемен құттықтады.

Н. Нығматулин атап өткендей, Грузия Қазақстанның маңызды сыртқы саяси және экономикалық әріптесі.

Өткен жылы қос мемлекет арасындағы сыртқы сауда айналымы 41 млн АҚШ долларын құрады. Мәжіліс Төрағасы аталған мемлекеттің Маңғыстау облысымен Аджария арасында тікелей экономикалық байланыстар орнату туралы бастамасын қолдайтындығын білдірді.

Кездесу барысында аймақтық қауіпсіздік, мәдени-гуманитарлық, халықаралық байланыстар мәселелері де назардан тыс қалмады.

Мәжіліс Төрағасы сондай-ақ, елшіні Қазақстан Президентінің бастамасымен елде жүргізілген конституциялық реформа төңірегінде хабардар етті.

Парламентаралық ынтымақтастыққа да айрықша көңіл бөлген Мәжіліс Төрағасы ықпалдастық жөніндегі парламенттік топтар мен бейінді комитеттер мүмкіндігін пайдалану керектігіне тоқталды.

Тараптардың пікірінше ол екіжақты байланыстарды нығайтуға зор ықпал етеді.

Фото: stroy-trading.ru
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: