Оралда қазақтың батыр қыздарына ескерткіш орнатылды
Zakon.kz
Қоладан құйылған композицияның биіктігі – 3,6 метр.
Оралда Ұлы Отан соғысында ерлік пен батырлықтың өшпес үлгісін көрсеткен Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Хиуаз Доспановаға ескерткіш орнатылды, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Бұл мақсатқа қазынадан 138 миллион теңге бөлінген. Қоладан құйылған композицияның биіктігі – 3,6 метр. Кейінгі жас буын үшін тәрбиелік мәні зор іс осыдан бірнеше жыл қолға алынды.
Үздік жобаларға жарияланған байқау нәтижесінде мүсінші Нұрлан Далбайдың нұсқасы таңдалды. Есімдері аңызға айналған қаһарман қыздардың ескерткіші Оралдағы Мәншүк Мәметова алаңына қойылып отыр.
Бұған дейін осы алаңда тұрған М.Мәметованың ескерткіші батырдың өзі дүниеге келген Жәнібек ауданына апарылады. Дайындаған: Талғат Серікқалиұлы
Фото: 24.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript