Лента новостей
0

Петропавлда жабайы сауда тыйылмай тұр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.05.2017 21:44 Zakon.kz
Жүргізілген рейд барысында 10 адамның үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Петропавлда жабайы сауда тыйылмай тұр. Заңсыз судагерлер әсіресе халық көп баратын «Көтерме сауда орталығы», «Коммуналдық базар» мен «Океан» сынды нүктелерде жиі шоғырланады, деп хабарлайды Baq.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасы мен тәртіп сақшылары Петропавл қаласындағы жабайы сауда нүктелерінің жұмысына тосқауыл қою мақсатында рейдке шықты. Сатушылар рұқсат етілмеген жерде киім-кешектен бастап, химиялық заттар мен түрлі азық-түлікті де саудалай береді.

«Тексеріс жүргізуге қаладағы базарлардың өкілдері тарапынан түскен шығамдар түрткі болды. Жабайы – сауда денсаулығымыз үшін қауіпті. Соған қарамастан, көптеген адамдар белгіленбеген сауда орындарынан түрлі тауарларды сатып алып жатады. Кейбіреулер жол жиегінде сауда жасап тұр. Тауарының бәрін шаң басып, ластанады. Егер алушы болмаса, сатушы да келмес еді, ондай орындарға», - дейді СҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы.

Жүргізілген рейд барысында 10 адамның үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Кейбіреулеріне ескерту жасалды. Саудагерлердің арасында заңсыз әрекеті үшін жауап беруден жалтармақ болғандар да табылып жатты.

«Мен күнде «Океан» сауда үйінің жанымен жұмысқа барамын. Киімді былай қойғанда, ашық аспан астында азық-түлік сататындарға не дерсің? Олардың тауарларының бағасы дүкендегіден біршама арзан шығар, бірақ денсаулығыма қауіп төндіргім келмейді. Сондықтан мұндай орындарда сауда жасамаймын. Базар сыртында отырған саудагерлерден тауар алу – мәдениетсіздік деп білемін. Бұл – өз денсаулығына жауапсыз қарайтындардың әрекеті»,- дейді Петропавл қаласының тұрғыны Ақжан Үмітбаева.

Заңға сәйкес, рұқсатсыз сауда жасаушыларға ескерту жасалады. Бұдан кейін осы сынды жағдай тағы да орын алса, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Саудагер өз әрекетін бір жыл көлемінде үшінші мәрте қайталаса, айыппұл екі еселенеді.

Эльмира Кәленова

Фото автордікі




Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: