Лента новостей
0

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ қызметкерлері Республиканың өңірлерінде көшпелі кеңестерді өткізеді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.05.2017 17:33 Zakon.kz
ТКШ саласы көптеген мәселелерді шешуді талап етеді, оның ішінде: үйдің кондоминиум объектісі ретінде тіркеуден өтпеуі, басқару түрлерінің көп болуы және объектілерді басқарудың болмауы.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Роман Склярдың тапсырмасы бойынша, құрамына «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-ның қызметкерлері кірген ТКШ секторына МЖӘ енгізу жөніндегі жұмыс тобы құрылған болатын. Жұмыс тобының күн тәртібінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мәселесі қалып отыр. Айдың басынан бастап Жұмыс тобы өңірлерге көшпелі отырыстармен шықты.

Оған «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акцонерлік қоғамы Басқармасының Төрағасы Марат Садуов, әкімдіктердің ТКШ саласына жетекшілік ететін орынбасарлары, сонымен бірге коммуналдық кәсіпорындардың басшылары қатысты.

ТКШ саласы көптеген мәселелерді шешуді талап етеді, оның ішінде: үйдің кондоминиум объектісі ретінде тіркеуден өтпеуі, басқару түрлерінің көп болуы және объектілерді басқарудың болмауы.



«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ пәтерлер меншік иелерінің өз беттерінше үйлерін өздері басқаруға қатыспайынша бұл мәселелерді шешу мүмкін емес деп санайды.

Бұл үшін «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың «Бір үй – бір бірлестік – бір есеп-шот» приципі бойынша пилоттық режимін бастауды ұсынады. Бірлестік ретінде пәтер иелері шығады, олар үйді күтіп-ұстау үшін есеп-шот ашады, жөндеу жұмыстарына бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын кәсіби жұмыскерлерді тартады. Осы орайда «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ қызметкерлері МЖӘ пилоттық жобасын іске асыруға әдістемелік, кеңес беру және басқа да қолдау көрсетуге дайын.

Сонымен бірге, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ ұсынысы бойынша, Egov электрондық Үкіметімен интеграцияланған Бірыңғай республикалық ақпараттық жүйесін құруды қарастыруды ұсынады. Бұл кешенді шешім басқару органдарының қызметін бақылауды қамтамасыз етуге арналған. Портал «Online» режимінде қызмет ететін болады, ол тұтынушылармен жедел өзара қарым-қатынас жасау мүмкіндігін береді.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: