Лента новостей
0

Еліміздің бірқатар өңірінде көшпелі көрмелер өткізіліп жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.05.2017 20:43 Zakon.kz
Семейде ашылған «Ұлы дала елінің рухани астанасы» көрмесіне 250-ден астам жәдігер қойылған.
Көненің көзі - Түркістан шаһары Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланғаны белгілі. Осыған орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ұйымдастыруымен еліміздің бірқатар өңірінде көшпелі көрмелер өткізіліп жатыр, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Семейде ашылған «Ұлы дала елінің рухани астанасы» көрмесіне 250-ден астам жәдігер қойылған. Онда археологиялық қазбадан табылған тас, қола дәуір ескерткіштері, Қожа Ахмет Ясауидің артында қалған баға жетпес мұралары XVIII ғасырға тән «Диуани хикмет» кітабының қолжазба нұсқасы қойылған.

Сол сияқты Түркістанда жерленген тарихи тұлғалар жайында да мол мағлұматтар бар. Олар: Есім,,Тәуке, Әбіл-мәмбет, Абылай, Әбілфейіз, Барақ, Бөкей хандардың күміс жүзік бетіне түскен мөрлері, Ресей, Қытай патшалығына дипломатиялық байланыста жазған хаттары көрермен назарына ұсынылған.

Жандос Әубәкір, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры:

-Түркістан қаласының тарихын 1500 жыл дейміз, ал енді көне Күлтөбе қаласын қазу үстінде, оның тарихы одан да ерте екендігін қазіргі таңда археологтарымыз айтып отыр. Рухани жаңғырудың негізінде біздің қасиетті жерлердің географиясын, Түркістан өңіріндегі қасиетті жерлердің барлығын бір ізге түсіріп, зерттеу үстіндеміз.

Фото: 24.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: