Ақсай қаласында балаларды зорламақ болған тұрғын ұсталды
Zakon.kz
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
23 мамыр күні Ақсай қаласының шығыс бөлігінде ер адам екі баланы зорламақ болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Аудандық ішкі істер бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, педофил алдымен 7 жасар баланы шешіндіріп үлгерген, бірақ баланың айқайынан жүргіншілер келіп жетіп, зорлықшыны қорқытып жіберген. Сол күні аталған азамат 12 жасар қызды да торына түсірмек болған, бірақ ол сытылып шығып, қашып кеткен.
Бөрлілік сақшылар қылмыстың ізі суымастан, Ақсай қаласының 1983 жылғы тұрғынын қолға түсірді. Ол бұрын сотталмаған, ұсталған кезде мас күйінде болған.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Фото: kremlinpress.com
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript