Жыл басынан бері лаңкестікті насихаттағандарға қатысты 51 қылмыстық іс қозғалған
Zakon.kz
Дәстүрлі дін мен дәстүрлі емес діндердің ара-жігін ажырата алмайтын жандар қоғамымызда әлі де көптеп кездеседі.
Орталық Азия елдеріндегі дәстүрлі емес діни ағымдар идеяларының таралуын қалай алдын алуға болады? Бұл сұрақтың жауабын Алматы халықаралық ғылыми - тәжірбиелік конфиренциясының қатысушылары іздеп көрді. Шараға дін, тарих, философия, саясаттану, құқық және білім беру саласының ғалымдары мен мамандары ат салысты. Басты мақсат - халықтың бойында экстремизмге қарсы иммунитет қалыптастыратын арнайы бағдарлама дайындап, енгізу. Ал оны жүзеге асыру үшін ғылыми және педагогикалық бірлестіктерді, дін өкілдерін, азаматтық секторды тарту өте маңызды, деп жазады Алматы телеарнасы.
«Бұл бағытта өзіміз кешенді шаралар атқарып жатырмыз. Конференцияға қатысып отырған көршілеріміздің бұл жұмысты қалай шешіп жатқандарын біліп, пікір алмасу біз үшін маңызды. Нәтижесінде ұйымдастырушылар қатысушылардың пікірін жинақтап, қорытындылайтын болар», - деді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің орынбасары Берік Арын.
Дәстүрлі дін мен дәстүрлі емес діндердің ара-жігін ажырата алмайтын жандар қоғамымызда әлі де көптеп кездеседі. Әсіресе жастар арасында әр түрлі діни ағымдардың жетегінде кеткендер баршылық. Қалалық прокуратура ақпараты бойынша осы жылдың басынан экстремизм мен лаңкестікті насихаттағандарға қатысты 51 қылмыстық іс қозғалған. Олардың басым бөлігі белсенді түрде әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы арам пиғылдарын іске асырмақшы болған көрінеді. Конференция барысында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы мешіттердегі имамдар жұмысынан бөлек, ғаламтор арқылы да халыққа ақиқатты жеткізу маңызды, дейді.
«Муфтият.кз, азан.кз содан кейін муслим.кз деген ҚМДБ-ның арнайы сайттары жұмыс істейді. Бұл сайтта діни сауаты бар, өте сауатты мамандар жұмыс жасап, осы әлеуметтік желілер бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы уақытылы әр түрлі көріністерге реакция жасау сияқты жұмыстарды жасап жатыр», - деді «Заря Востока» мешітінің бас имамы Қазыбек Ахметов.
Фото: TubeID.Co
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript