Көкшетауда жоғалып кеткен 13 жастағы қыз қаңырап қалған үйдің ішінен табылды
Zakon.kz
Полиция хабарлауынша қазіргі таңда оны арнайы мектепке жіберу туралы мәселе қаралып жатыр екен.
Көкшетауда із-түссіз жоғалып кеткен 13 жастағы оқушы қыз аман-есен қаңырап қалған үйдің ішінен табылды, деп жазады stan.kz.
Қыз осыған дейін бірнеше рет әжесімен бірге тұрғысы келмегендіктен үйден қашып кетіп жүрген екен.
“Жедел-іздестіру шараларының арқасында қаңырап қалған үйдің ішінен №6 мектептің бесінші сынып оқушысы табылды. Кәмелетке толмаған қыз қайыршылықпен айналысқан. Ол туған әжесімен бірге тұрғысы келмегендіктен, үйден кетіп қалған”, – деді Ақмола облыстық ІІД.
Полиция хабарлауынша қазіргі таңда оны арнайы мектепке жіберу туралы мәселе қаралып жатыр екен.
Еске салсақ, Александра Ткаченко 23 мамыр күні үйден кетіп қалып, оралмаған.
Фото: stan.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript