Алматыда 114 көше қосымша жөнделеді
Zakon.kz
Жалпы, Алматыда жолдарға жүргізілетін құрылыс- жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 9,5 млрд. теңге бөлінген.
Бүгінгі күні қалада жоспарланған 250 мың шаршы метр жолдың 50 мың шаршы метріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы zakon.kz Алматы қаласының ресми интернет - ресурсы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен қатар, 97 мың шаршы метр тротуарлар, 130 бекеттер алаңдары абаттандырылуда, 12 магистральды және ұзындығы 31,27 км болатын аудандық маңызы бар жолдар орташа жөндеуден өтуде.
1 маусымнан бастап ұзындығы 30,75 км болатын 19 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұлардан өзге, депутаттар мәслихаттың соңғы сессиясында ұзындығы 83,7 км болатын 114 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қосымша 2,5 млрд. теңге бөлу жөніндегі шешімді бірауыздан қолдады.
Маусым айында көше- жол жүйесінің көлік өткізу қабілетін арттыруға ықпал ететін трамвай рельстері сүріліп, 18 жол бұрылысында орташа жөндеу жұмыстары басталады. Торайғыров және Каблуков көшелерінде ұзындығы 3,7 км болатын велосипед жолы салынып, айналасы абаттандырылады.
Шевченко, Қонаев, Өтепов көшелеріндегі 7,5 км жердегі трамвай рельстері алынады. Бұл учаскелерге де орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, бордюрлер реттеліп, арық жағалаулары, бекет нүктелері, велосипед жолдары көріктендіріледі.
Қазіргі кезде Байтұрсынов көшесі, Тимирязев көшесінен Абай даңғылына дейінгі аймақ қайта жасалып, велосипед жолдары ретке келтірілуде, Жандосов көшесі, Сайын көшесінен Таусамалы елді мекеніне дейінгі ұзындығы 2,08 км. жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүруде. Жалпы, жолдарды жөндеу жобасында көлік қозғалысы бөліктерін 4 жолаққа дейін кеңейту, «Қарғалы» өзені арқылы өтетін көпірді қайта жасау, ұзындығы 2 км болатын веложолдар мен ұзындығы 4 км болатын тротуарларды абаттандыру да қарастырылған.
Жақын күндері Алатау ауданындағы Алғабас және Ақбұлақ ықшам аудандарында ұзындығы 10,9 км болатын жолдың, ал Наурызбай ауданындағы Қалқаман және Алты Алаш елді мекендерінде ұзындығы 17,3 км болатын жолдардың құрылыстары басталады.
Жалпы, Алматыда жолдарға жүргізілетін құрылыс- жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 9,5 млрд. теңге бөлінген.
Фото: www.almaty.gov.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript