Лента новостей
0

Бір ай бұрынғы тасқыннан кейін Ақтөбеде маса қаптап кетіпті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 30.05.2017 15:28 Zakon.kz
Шағатын улы жәндіктермен күресті жергілікті билік алдағы айдың басында бастаймыз деп отыр.
Осыдан бір ай бұрынғы тасқыннан кейін Ақтөбеде маса қаптап кетіпті. Тіпті жәндіктің шаққан жері бөртіп, ісігі қайтпайтын көрінеді. Мұны растаған дәрігерлер де қазіргі масаның қауіптілігі сонша, тіпті аллергиялық ауруларды таратуы мүмкін деп отыр, деп жазады 31 арна.
Биыл Ақтөбені ерекше маса жайлады. Әсіресе өзен жағасындағы тұрғындар адамды шағатын жәндіктен зәбірді әбден көрдік деп отыр. Солдардың бірі Назгүл Баймұратова. Кешкілік есік алдындағы бақшаға шығамын деп масаға таланған тұрғын бүгін дәрігерге келуіме тура келді дейді. Өйткені жәндіктің шаққан жерлері бөртіп, ісініп кеткен.
НАЗГҮЛ БАЙМҰРАТОВА, тұрғын:

- Терезе ашуға мүмкіндік жоқ ешқандай. Есік алдына шықсаңыз момент талап жеп қояды. Балаларымыз да осылай. То басын, то аяғын шағып келеді. Дәл осылай. Осындай аллергический сыпь бәрінде де солай.
Дәрігерлер де биыл маса шақты деп шағымданып келушілер санының артқанын айтады. Жылдағыдан ерекше жағдай оларды да алаңдатып отыр. Өйткені қазіргі шағатын жәндіктер аллергиялық жұқпаны көп тарататын көрінеді. Сондықтан дәрігерлер маса шаққан жағдайда не істеу керек екенін түсіндіріп берді.
ГАУХАР ҚАЛМАНОВА, дәрігер:

- Бірінші қолды жуып тазалап, инфекция кірмеу үшін жуып алу керек. Сосын мұздай хамут қою керек. Қасуға, тырнауға болмайды. Сосын қышуы басылғаннан кейін водочный компресс жасау керек.
Шағатын улы жәндіктермен күресті жергілікті билік алдағы айдың басында бастаймыз деп отыр. Улау шаралары әсіресе қаланы айнала жатқан төрт өзеннің жағасында жүргізіледі дейді мамандар. Ол үшін жергілікті бюджеттен бес миллион теңге де бөлініп қойылыпты.
ДӘУРЕН ТАУАСАРОВ, «Дезинфекция» медициналық мекеме директоры:

- Термогенератор деген генератор горячего тумана деген оборудование бар. Сонымен цепремитрин қосып, цепремитрин деген у-ядохимикат. Соларды қосып сөйтіп улаймыз.
Сөйтіп бір айда екі рет дезинфекция жұмыстарын жүргіземіз деген жергілікті атқамінерлер қала тұрғындарының мазасын алған масадан осылайша құтыламыз деп сендіріп отыр.
Жанар Қожанова, Бағдат Баймурзин

Фото: Ribalych.ru
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: