Лента новостей
0

BI Marathon қатысушылары қайырымдылық қорына 16 млн теңге жинап берді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 30.05.2017 19:32 Zakon.kz
Шарадан жиналған барлық қаражат 2004 жылдан бастап физикалық мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық көмек көрсетіп келе жатқан «BI Жұлдызай» қорына жіберіледі.
Таяуда Астанада «Жеңіске бірге жетейік» атты II қайырымдылық BI Marathon болып өтті. Марафонға шамамен 4 мыңға жуық адам қатысты. Ең кішкентайы – 8, ал ең үлкені – 74 жаста. 1 жылдың ішінде корпоративтік деңгейден халықаралық дәрежедегі іс-шараға айналған BI Marathon салауатты өмір салтын қалыптастырып қана қоймай, қайырымдылық мақсатын да орындайды.

Шарадан жиналған барлық қаражат 2004 жылдан бастап физикалық мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық көмек көрсетіп келе жатқан «BI Жұлдызай» қорына жіберіледі.



Қор директоры Гүлхан Исабаева: "Қатысушылардан түскен барлық қаражат сал ауруына шалдыққан балаларды медициналық оңалтуға арналған жабдықтарды сатып алуға жұмсалады. Өткен жылғы марафоннан түскен қаржыға сатып алынған құрылғы өте жақсы нәтиже көрсетті. Осы жылғы марафонға қатысушылар екі есе көп болғандықтан, қаражаттың қалған бөлігіне, қор әр түрлі деңгейдегі сал ауруына шалдыққан балаларға хирургиялық оталар жасауды жоспарлап отыр. Қордың және біздің қарамағымыздағы бүлдіршіндердің ата-аналарының атынан марафонға қатысып, қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіремін».



5,10,21 және 41 км арақашықтықты жүгірген ересектерге 1,5 км жүгіріп өткен балалар да қосылды. Спорттық, коммерциялық және мемлекеттік мекемелердің өкілдерінен құралған – 17 команда экиден эстафетасын жүгіріп өтті. 42,2 км қашықтықты 2 сағат 17 минут 54 секундта жүгіріп өткен ерекше атаулы «Дети Кайрата Какеновича» командасы жеңімпаз атанды. Олар өз жеңістерін команда атына негіз болған жаттықтырушыларына арнады.

Жарыстың абсолютті жеңімпазы атанған – 2016 жылғы марафонның абсолютті чемпионы, ең ірі қашықтықты 2 сағат 34 минут 55 секундта жүгіріп өткен марафоншы Айдын Қасен. «Жүгірумен айналысып жүргеніме көп болған жоқ, бірақ бүгін де бұл спортсыз өмір сүре алмайтын болдым. BI Marathon – күрделі триатлон жарысына дайындалу үшін жақсы бастама».



BI Marathon жүлдегерлерінің арасында «Қазақстан даму Банкінің» басшысы, қаржыгер Болат Жәмішев те бар: «Осындай спорттық шараға қатысушылар санының көптігі қуантады. Әр түрлі қалалардан келген қатысушыларды көрдім. Бұл мен қатысып тұрған алтыншы марафон, марафонға қуана-қуана келдім».



Айдын Рахимбаев, жоба бастамашысы: «Соңғы жылдары спорттың атлетикалық түрлеріне деген қызығушылық артып келеді, біздің марафонның танымалдығының артуы осыған дәлел. Мен үлкен қуанышпен өз балаларым мен әріптестерімді марафонға қатысуға шақырамын, біздің компаниямыз қызметкерлердің спорт саласындағы бастамаларға үнемі қолдау көрсетіп отырады. Егер адам өз бойындағы салғырттықты жеңе білсе, ол іс жүргізуде де өзгелерден оқ бойы озық тұрады».

Марафон нәтижелерін bi-marathon.kz сайтынан таба аласыздар
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: