Лента новостей
0

Ақтөбеде түрмеге миллион теңгені алып кірмек болғандар ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.06.2017 20:49 Zakon.kz
Тыйым салынған затты тауып, қырағылық шеберлік танытқан әскери қызметкерлерге сыйақы тағайындалған.
Ақтөбедегі 168/2 түзету мекемесіне 1 миллион 200 мың теңге алып кірмек болған күдіктілер ұсталды. Олар ақшаны жүк көлігіндегі DVD дикс сақтайтын орынға жасырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тыйым салынған заттарды түрмеге алып кірмек болғандар ұсталды. Ұлттық гвардияның «Батыс» аймақтық құрылымдарына қарасты 6655 әскери бөлімінің кинологы Талғат Елубаев пен көлікті өткізу бекетінің кезекші Рахат Әлібеков жүк көлігін тексеру жүргізіп, қырағылық танытты.

«Жүк көлігі келіп, тексеру жүргізген кезде DVD дикс сақтайтын орыннан 1 миллион 200 мың теңге табылды. Табылған ақша түзету мекемесіне беріліп, Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасынан жедел тергеу тобы келді. Тергеу басталды», - деп хабарлады Ұлттық гвардияның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Тыйым салынған затты тауып, қырағылық шеберлік танытқан әскери қызметкерлерге сыйақы тағайындалған. Ақшаның кімге және не мақсатта арналғанын тергеу анықтайды.

Айта кетейік, №6655 әскери бөлімдегі арнайы күзет қызметі иісшіл иттердің көмегімен жарылғыш зат, есірткі, түрмеге кіргізуге тыйым салынған бұйымдарды іздейді.Өткен жылы екі қылмыстың ізі суымай ашылып, күдіктілер жауапқа тартылды.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: