Лента новостей
0

Бір отбасын қарақшыдан құтқарған полицей «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.06.2017 19:54 Zakon.kz
Учаскелік инспектор Ерлан Таңжарықовты ауылдастары ерекше құрмет тұтады. Қарапайым, қашанда көмекке келуге әзір, қайырымды жан деп бағалайды.
Ерлан Қостанай облысының Таран аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет істеген жеті жылдың ішінде талай қылмыстың жолын кесті. Ал өткен жылы ол қарулы қарақшыға қарсы тұрып, бүтін бір отбасын ажалдан аман алып қалған, деп жазады Хабар телеарнасы.

Сол бір күнді еске алса, Нина әжейдің көзіне бірден жас оралады. «Бейне бір қорқынышты түс сияқты», – дейді. 29 ақпанда түнгі сағат төртте баса көктеп кіріп келген қарақшы үй ішіндегілерді қыспаққа алып, ақша талап етеді. Күш көрсетіп, үш әйелді байлап тастайды.

Нина Головко, Береговой ауылының тұрғыны:

– Қолында пышағы мен балғасы бар. Өзі мас сияқты. «Өлтіремін», – деп қорқыта бастады. Зәрем зәр түбіне кетті. Тірі қалмайтын шығармын деп ойладым.

Жәбірленушілерді азаптап қинау бір сағатқа созылған. Абырой болғанда, қарақшы түпкі бөлмеде жатқан оқушы қыз Юлияны байқамаған. Ол учаскелік полицей Ерлан Таңжарықовпен хабарласып үлгермегенде, бұл оқиғаның қайғылы аяқталуы мүмкін еді.

Ерлан Таңжарықов, учаскелік полиция инспекторы:

– Ол менің кіріп келетінімді күткен жоқ. Мен келіп, күреспен жығып, пышағын алып қойып, тезірек полиция шақырттым. Мен өзімді батырмын деп санамаймын. Бұл – әрбір полиция қызметкерінің міндеті.

Калинин селолық округінде екі мыңнан астам адам тұрады. Ел-жұртпен етене араласатын Ерлан олардың әрқайсысының жағдайымен, мұң-мұқтажымен жақсы таныс. Ауыл тұрғындарының барлығына ұялы телефонының нөмірін беріп қойған. Әріптестері болса оның еңбекқорлығын ерекше бағалайды.

Ербол Сейітмағанбет, учаскелік полиция инспекторы:

– Ерлан жұмыс барысында елгезек, әрқашан өзінің жағдайын емес, халықтың жағдайын ойлап тұруының арқасында көпке үлгі болып жүр. Әсіресе қызмет барысында ол жеке уақытымен санаспай, уақытын қызметке бөліп отырады.

Ерлан – екі баланың әкесі. Жұбайы Динара жергілікті шаруашылықта жұмыс істейді. Көрсеткен батылдығы үшін полиция капитаны Ерлан Таңжарықов «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. «Атақ-даңқтан гөрі мен үшін халықтың сенімі қымбат», – дейді ержүрек тәртіп сақшысы.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров

Фото: khabar.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: