Павлодарда шұңқырдан табылған төрт жасар Артурдың анасы тура жолға түсті
Zakon.kz
Мерзім аяқталғаннан кейін Ольга ата-ана құқығына қойылған шектеуді жою туралы өтінішхат жолдай алады.
Төрт жасар баласы екі метрлі шұңқырға құлап кетіп, төрт күн бойы хабарсыз кеткен Артурдың анасы Ольга Густокашина тура жолға түсе бастады. 42 жастағы әйел балаларын қайтарып алуға ниет білдіріп отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы ІІД ЖПҚ ювеналды бөлімінің бастығы, подполковник Бибігүл Қамзина айтты. Мамыр айының соңында Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соты баланың әкесін ата-ана құқығынан айырып, анасына жарты жылға бұл құқыққа шектеу қойды.
Мерзім аяқталғаннан кейін Ольга ата-ана құқығына қойылған шектеуді жою туралы өтінішхат жолдай алады. Қазір Артур павлодарлық балалар мен жасөспірімдер баспанасында тұрып жатыр. Ал, басқа мемлекеттік мекемеде оның есту қабілетінен айырылған мүгедек әпкесі бар.
- Балаларың анасы өзі тұратын «Мелиоратор» бағбаншылығындағы үйде жөндеу жұмыстарын жасап, көкөністер отырғызған. Қазіргі уақытта алкогольді ішімдіктерді тұтынбайды. Үнемі балалары туралы сұрап, алаңдаушылық білдіреді. Жалпы, оң динамика байқалуда. Ол тура жолға түсе бастады, - дейді Бибігүл Қамзина.
Еске салайық, баланың жоғалғаны туралы үш күн өткен соң жеткіншектің анасымен бірге тұратын адам айтқан. Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, 5512 әскери бөлімінің қызметкерлері, кинологтар жұмылдырылды. Артур әскери-техникалық мектеп автодромынан табылып, ауруханаға жеткізілді. Бүлдіршіннің анасы Павлодар ауданында тұрған кезде 2013 жылы ата-ана құқығынан айырылып, жарты жылдан соң қайтарып алған.
Думан Асқарбек
Фото: Рavlodarnews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript