Лента новостей
0

Қарағанды облысында сиырлар жаппай қырылған ауданда ТЖ режімі жарияланды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 08.06.2017 15:42 Zakon.kz
Ресми диагноз әзірге анықталған жоқ.
Пастереллезден мал жаппай қырылып жатқан Нұра ауданында ТЖ режімі әрекет етуде, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

Аудан әкімі Ниқанбай Омархановтың мәліметіне сәйкес, Мыңбаев ауылының кіреберісі мен шығаберісіне көліктер мен азаматтар үшін залалсыздандыратын тосқауылдар белгіленді. Ресми диагноз әзірге анықталған жоқ. Аудан әкімінің айтуынша, екі басты міндет - аурудың таралуын тоқтату, инфекция көзін анықтау.

«Мыңбаев атындағы ауылда 1 маусымда бұзау ауырып, сол күні өліп қалған. Жағдай туралы ақпарат бірден облысқа жеткізілді. 2 маусымда ветеринариялық инспекция және ветеринария басқармасы басшыларының жетекшілігімен мамандар келді. Бұдан басқа, ауылға малдарды қарау үшін ветеринарлық қызметтен бригада жіберілді. Қан талдауы мен патматериалдар зертханада зерттелуде. Нәтижесі дайын болғанша, алдын алу ретінде малдарға антибиотик егіліп жатыр. Сондай-ақ ветпрепараттармен, залалсыздандыратын құралдармен малдарды өңдеу жұмысарды жүргізілді», - деді аудан басшысы Н. Омарханов.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: