Байқоңырдан бір жылдық үзілістен кейін алғашқы "Протон" ұшырылды
Zakon.kz
2016 жылы 9 маусымда ұшырылған "Протон" зымыран тасығышынан ақау шыққан болатын
"Протон-М" ракета тасығышы "Байкоңыр" ғарыш айлағынан бір жылдық үзілістен кейін ұшырылды, деп хабарлайды sputniknews.kz, РИА Новости жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.
Бұл жолы "Протон-М" америкалық Еchostar-21 байланыс жерсерігінің орбитасына шығады.
Ракета тасығыштың штаттық режімде ұшырылғаны белгілі. Бұған дейін "Протон" 2016 жылы 9 маусымда ұшырылған болатын. Сол кезде Intelsat-31 жерсерігін орбитаға шығаратын зымыраннан ақау шығып, екінші сатыдағы қозғалтқыш уақытынан бұрын сөніп қалған.
Ғарыш аппараты орбитаға шығарылғанымен, тексеріс жүргізген комиссия Воронеж механикалық зауытында қозғалтқыш құрастыру кезінде дәнекерлеу технологиясының сақталмағанын анықтады.
Фото: sputniknews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript