ОҚО-да ауыл тұрғынынан ақша бопсалаған полицей ұсталды
Zakon.kz
Қазіргі таңда 37 жастағы қызметкердің үстінен Қылмыстық кодекстің 190 бабы «Алаяқтықпен» іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД қызметкерлері ауыл тұрғынынан ақша бопсалаған полицейді ұстады. Ол қылмыстық іс қозғамау үшін 300 мың теңге алып жатқан жерінен қолға түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.
Полицейдің алаяқтық әрекеті Арыс ауданы тұрғынының арызынан кейін әшкере болды. Жергілікті тұрғын арызында аудандық ішкі істер басқармасының қызметкері қазба байлықтарды өз бетінше пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпауға 300 мың теңге сұраған.
Осыдан кейін оңай жерден олжалы болғысы келген тәртіп сақшысына қатысты жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, жедел уәкіл ақша алып жатқан жерінен ұсталды.
Қазіргі таңда 37 жастағы қызметкердің үстінен Қылмыстық кодекстің 190 бабы «Алаяқтықпен» іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшысы қамауға алынып, одан жауап алынып жатыр. Айта кетейік, биыл жыл басынан бері өңірде 8 ішкі істер қызметкері қамауға алынған.
Олардың төртеуі Абай аудандық полиция бөлімінің учаскелік полицейлері болса, тағы төртеуі Отырар аудандық полиция басқармасында басшылық және жедел уәкіл қызметтерін атқарған. ҰҚК қызметкерлерімен ұсталғандардың барлығына есірткі сатуға қатысы бар деген айып тағылуда.
Фото: inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript