Лента новостей
0

Қазақстандық режиссердің фильмі Австриядағы кинофестиваль жүлдесіне ие болды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 12.06.2017 15:42 Zakon.kz
Төрешілердің айтуынша, фильм кадр айқындылығымен ерекшеленеді.
Қазақстандық режиссер Бахтияр Исламовтың «Эдип тұратын жақта» қысқа метражды фильмі Австрияның Ленцинг қаласында өткен 45-інші халықаралық «Festival of Nations» кинофестивальінде «Үздік эксперименттік фильм» номинациясына ие болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі фильм продюсері Дарья Корнееваға сілтеме жасап.

«Эдип тұратын жақта» - Алматы облысында түсірілген қысқа метражды фильм. Режиссері, сценарий авторы және қоюшы-операторы - Бахтияр Исламов, продюсері - Дарья Корнеева. Ленцингте фильмнің тұсаукесері өтті. Төрешілердің айтуынша, фильм кадр айқындылығымен ерекшеленеді. Бұл соңғы бірнеше жылда фестивальға Қазақстан атынан ұсынылған бірінші фильм.

«Үздік эксперименттік фильм» номинациясын да Қазақстан алғаш рет иеленіп отыр. «Festival of Nations» - Австриядағы ертеден келе жатқан коммерциялық емес қысқа метражды фильмдер фестивалі, UNICA ұйымы (ЮНЕСКО мүшесі) және Австрия үкіметінің қолдауымен өткізіледі. Фестивальге жылына әлемнің 55 мемлекетінен 1000-нан астам өтініш түседі.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: