Лента новостей
0

Қостанайлық дәрігерлер оқушы қыздың асқазанынан бір уыс шаш алып шықты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 12.06.2017 23:25 Zakon.kz
Жалпы ота жасаған хирургтың пікіріне сүйенсек, ата-анасы өз баласының кішкентай кезінде шашын жұлып жеп жүргенін аңғару оңай екен.
Қостанайлық хирургтер 16 жастағы науқастың асқазанына ота жасап, ұзындығы 30 см диаметрі 8 см болатын бір уыс шаш алып шыққан. Бұл жағдайға алғаш рет кездесіп тұрған дәрігерлердің таңданысында шек жоқ. Себебі, жылдар бойы 16 жастағы қыз өзінің шашын жеп келгені белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz.

Жыл басында қыз өзін жайсыз сезініп, асқазанының ауыратынын айтқан, кейін өзі тұратын аудандық аурухананың көмегіне жүгініпті. Осы уақытқа дейін жергілікті жерде емделіпті. Ақыры болмаған соң оны облыстық балалар ауруханасына жіберген.

«Бізге келіп түскенде науқастың жағдайы қиын болатын. Ол асқазанының ауратынын айтып, ішкен асын құсып тастап отырды. Қыздың жағдайын жан-жақты тексеріп, ФГДС жасадық. Сонда оның асқазанында ірі көлемдегі артық зат бар екені анықталды», – дейді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Игорь Белобржицкий.

Жалпы ота жасаған хирургтың пікіріне сүйенсек, ата-анасы өз баласының кішкентай кезінде шашын жұлып жеп жүргенін аңғару оңай екен. Ал, ересек жастағы баладан мұндай әдетті аңғару тіптен қиын. Себебі, олар өздерінің бойындағы жаман әдеттерін жұрт алдынан жасырын жерде жүзеге асырып отыратын көрінеді.

«Біздің науқас ауруханаға жатқызылғанда оған тіптен ас батпай қойды. Оның жағдайына қарап ата-анасы да уайымға салынды. Ірі көлемде илектелген шаш тұрғанда асқазан мен ішек жолдарынан астың өтуі мүмкін емес. Дәрігерлерге қыздың асқазанындағы шаштың көлемінің көп болуына байланысты оны өңеш арқылы алу мүмкін болмады. Осы жағдайларды ескере отырып, оған ота жасауды ұйғардық. Басында шашты алып шыққанда өз көзімізге өзіміз сенбедік. Бұл оқушы қыздың көрер жарығы бар екен. Ота дер кезінде жасалды», – дейді дәрігер Игорь Белобржицкий бізбен әңгімесінде.

Қазір облыстық балалар ауруханасының "ерекше науқас" ретінде аты шыққан 16 жастағы қыз баланың жағдайы жақсы. Тамақ ішуі де қалыпты. Дәрігерлер жақында үйіне жіберуді жоспарлап отыр.

Мешіт Ғазиз

Фото: Baq.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: